Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Баршаға міндет таза аумақ

Дата: 17.09.2026 Рубрика: Знайки
11
0
Баршаға міндет таза аумақ
Лисаков қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған «Таза аумақ – баршамызға ортақ міндет!» атты экоквест ұйымдастырылды. Қаланың 11-шағынауданында өткен танымдық әрі практикалық шараға 40-қа жуық жас қатысып, табиғатты қорғау мен туған қаланың тазалығына деген жауапкершіліктерін нақты іспен көрсетті.
Қатысушылар командаларға бөлініп, бірнеше тақырыптық станциядан өтті. Олар экологияға қатысты сұрақтарға жауап беріп, қалдықтарды дұрыс сұрыптау бойынша тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар экологиялық белгілерді іздеп, табиғатқа ұқыпты қарау жөніндегі білімдері мен тапқырлықтарын сынады.
Ойын түрінде ұйымдастырылған тапсырмалар жастарға экологиялық мәселелерді жеңіл әрі қызықты форматта меңгеруге мүмкіндік берді. Әсіресе жауапты тұтыну, қалдықтарды дұрыс басқару және қоршаған ортаға ұқыпты қарау тақырыптарына ерекше назар аударылды. Ал экоквестің ең маңызды бөлігі теорияны нақты іске ұластыру болды. Жастар бекітілген аумақтарға шығып, қоқыстарды жинап, айналаны ретке келтірді. Осылайша қатысушылар экологиялық білім алып қана қоймай, туған қаласының тазалығы мен абаттандырылуына өз үлестерін қосты.
– «Таза Қазақстан» бастамасы қоршаған ортаның тазалығы әрқайсымызға байланысты екенін көрсетеді. Сондықтан жастарға табиғатқа ұқыпты қараудың маңыздылығын айтып қана қоймай, нақты іс-шараларға қатысуға мүмкіндік беру біз үшін маңызды, – деді Лисаков қаласының Жастар ресурстық орталығының басшысы Ділдә Хайрат.
Экоквест соңында белсенділік танытқан командалар мен қатысушылар анықталып, жеңімпаздарға және үздіктерге ақшалай сертификаттар табысталды.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!