Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Ұлы ұстаз ұлағаты»

Дата: 20.10.2026 Рубрика: Знайки
5
0
«Ұлы ұстаз ұлағаты»
Өлеңді ауылдық кітапханасында қазақтың ұлы ағартушысы, педагог-­жазушы Ыбырай Алтынсариннің өнегелі өмірі мен ағартушылық қызметін насихаттау мақсатында «Ұлы ұстаз ұлағаты» атты әдеби сағат өткізілді.
 Шара барысында кітапханашы оқырмандарға Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы мен қазақ даласында білім беру ісін дамытуға қосқан үлесі туралы әңгімеледі. Оның алғашқы мектептер ашып, балаларды оқуға шақыруы, халықтың сауатын ашуға күш салуы және жас ұрпақтың білімді болып өсуіне жасаған еңбегі кеңінен таныстырылды.
Әдеби сағатта ағартушының «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңдері мен тәрбиелік мәні зор әңгімелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар жазушы шығармаларының негізгі идеясымен танысып, білімге ұмтылу, адал еңбек ету, адамгершілік пен ізгілікті бойға сіңірудің маңызын ұғынды.
Шара соңында Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесіне шолу жасалды. Көрмеге қойылған әдебиеттер арқылы оқырмандар ұлы ұстаздың мұрасымен тереңірек танысуға мүмкіндік алды.
Осындай танымдық шаралар жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, ұлттық әдебиетке құрметін қалыптастыруға ықпал етеді. Ұлы ағартушының «Кел, балалар, оқылық!» деген өнегелі үндеуі бүгінгі күні де өз маңызын жоғалтқан жоқ. Оның білім мен тәрбиені қатар ұстанған мұрасы кейінгі ұрпаққа рухани бағдар болып қала береді.

 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!