Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ахмет атаны танығым келеді

Дата: 22.09.2026 Рубрика: Знайки
9
0
Ахмет атаны танығым келеді
Мен 1-сыныпта оқып жүрген кезімдемұғалімім Қанағат Тұрсынқызы сабақта Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы туралы айтып берді. Мен Ахмет ата туралы көбірек білгім келді. Ол кісінің өмірі мен еңбегін тануға қызығушылығым артты.
Бір күні анам мені Ахмет Байтұрсынұлының туысы, ұрпағы Ибрагим Ағытаев атамен таныстырды. Ибрагим ата ұлы ағартушы туралы көп зерттеген екен. Мен атамен сөйлесіп, Ахмет ата туралы қызықты деректер білдім. Осыдан кейін ғылыми зерттеуімді бастадым.
Ахмет Байтұрсынұлының туған жері – Торғайда музейі барын естідім. Музейлер кешенінің директоры Гүлбану Сәрсекей апаймен телефон арқылы сөйлесіп, мол мәлімет алдым. Көбіміз Ахмет атаны ақын, ғалым, ағартушы деп есептейміз. Оның музыкаға жақын болғаны, бірнеше ән шығарғаны айтыла қоймайды. Әлі де толық зерттелмеген, тың тақырып. Мен сол жағын іздестіруге тырысып жатырмын. Өйткені мен де өнерге жақын баламын. Ән айтқанды жақсы көремін. Болашақта Ахмет атаның әндерін үйреніп, жаттап алғым келеді.
Айсара СЕРІК, №24 бастауыш-­гимназиясының 2б-сынып оқушысы, Қостанай қаласы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!