Әлихан Бөкейхан – ұлы тұлға
Дата: 04.08.2026 Рубрика: Знайки
0
1
0

Өлеңді ауылдық кітапханасында қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт азаттығы жолындағы күрескер, Алаш қозғалысының көшбасшысы Әлихан Бөкейханның өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне арналған «Әлихан Бөкейхан – ұлы тұлға» атты тарихи керуен өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа Әлихан Бөкейханның өмір жолын, ел тәуелсіздігі жолындағы қажырлы еңбегін насихаттау, Алаш қайраткерлерінің тарихи мұрасын таныстыру және жастардың ұлттық тарихқа деген қызығушылығын арттыру.
Кездесу барысында кітапхана қызметкерлері қатысушыларға Әлихан Бөкейханның балалық шағы, білім алған ортасы, саяси қызметі және Алаш қозғалысындағы көшбасшылық рөлі туралы кеңінен әңгімеледі. Сондай-ақ оның қазақ қоғамының дамуына қосқан үлесі, ұлттық мемлекеттілік идеясын қалыптастырудағы орны, ағартушылық және ғылыми-зерттеу қызметі жан-жақты баяндалды.
Қатысушылар Әлихан Бөкейханның публицистикалық еңбектерімен, ғылыми зерттеулерімен және елдің болашағы үшін айтқан тағылымды ойларымен танысты. Оның қазақ халқының дербес мемлекет болуын армандап, сол мақсатта өмірінің соңына дейін аянбай еңбек еткені ерекше атап өтілді.
Іс-шара барысында Алаш қозғалысының тарихына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда Әлихан Бөкейхан мен басқа да Алаш зиялыларының өмірі мен шығармашылығына қатысты әдебиеттер, тарихи құжаттар мен танымдық басылымдар көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеге қойылған еңбектер арқылы оқырмандар ұлт тарихындағы маңызды кезеңдер туралы қосымша мәлімет алды.
Тарихи керуеннің сұрақ-жауап бөлімінде қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, Алаш қозғалысының маңызы, Әлихан Бөкейханның тарихи тұлғасы және оның бүгінгі тәуелсіз Қазақстан үшін қалдырған мұрасы жайында ой бөлісті. Жастар тарихи деректерге қызығушылық танытып, өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды. Кітапхана қызметкерлері Әлихан Бөкейханның өмірі мен қызметі – отансүйгіштіктің, білімге ұмтылудың, елге адал қызмет етудің жарқын үлгісі екенін атап өтті. Оның ұлт мүддесі жолындағы қайсарлығы, білімділігі мен көрегендігі бүгінгі ұрпақ үшін әрдайым өнеге болып қала бермек.
Осындай тағылымды кездесулер жастардың тарихи санасын қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және Алаш қайраткерлерінің бай рухани мұрасын тереңірек тануға мүмкіндік береді. Тарихты тану – өткенді құрметтеп, болашаққа нық қадам басудың маңызды негізі екені іс-шара барысында тағы бір мәрте айқын көрінді.

Комментарии