«Кітапханаға қалай баруға болады?»
Дата: 04.08.2026 Рубрика: Знайки
0
1
0

«Операция «Ы»» комедиясындағы әйгілі «Кітапханаға қалай баруға болады?» деген сөз тіркесі жуырда Қостанай қаласындағы КСК шағын ауданында шынайы өмірде жаңғырып, қызықты әрі танымдық акцияның өзегіне айналды.
«Северный» кітапхана-филиалы оқу залдарының аясынан шығып, тұрғындар арасында «Кітапханаға қалай баруға болады?» атты либмоб көше акциясын ұйымдастырды.
Акция барысында кітапхана қызметкерлері көшедегі тұрғындармен еркін әңгімелесіп, оларға «Біздің кітапханаға қалай баруға болады?» деген сауал қойды. Сонымен қатар кітапхананың қызметі, қорындағы әдебиеттер, оқырмандарға ұсынылатын заманауи мүмкіндіктер туралы ақпарат беріп, арнайы дайындалған ақпараттық буклеттер таратты.
Сауалнамаға қатысқан тұрғындардың басым бөлігі кітапхананың орналасқан жерін сенімді әрі нақты көрсетті. Бұл – кітапхананың аудан тұрғындарына жақсы таныс екенін және оның мәдени-рухани өмірдегі орнының маңызды екенін аңғартты. Ал жауап беруге қиналған немесе КСК шағын ауданына жақында көшіп келген тұрғындарға кітапхананың мекенжайы, жұмыс кестесі және оған жету жолы көрсетілген ақпараттық жадынамалар ұсынылды.
Көшедегі ашық форматтағы мұндай шара тұрғындардың қызығушылығын оятып, көптеген жылы пікірлерге ие болды. Әсіресе, балалар мен жастар кітапханаға жазылу тәртібі, өткізілетін іс-шаралар мен жаңа кітаптар туралы ақпаратқа ерекше қызығушылық танытты.
Либмоб акциясы кітапхананың тек кітап алатын орын ғана емес, тұрғындарды білімге, шығармашылыққа және мәдени ортаға біріктіретін заманауи ақпараттық әрі рухани орталық екенін тағы бір мәрте көрсетті. Осындай бастамалар кітап оқуды дәріптеп, қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыруға және кітапханаға жаңа оқырмандарды тартуға ықпал етеді. «Северный» кітапхана-филиалы алдағы уақытта да тұрғындармен байланысты нығайтуға бағытталған осындай мазмұнды мәдени-ағартушылық шараларды тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.

Комментарии