Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Жас батырлар сайысы

Дата: 09.06.2026 Рубрика: Знайки
5
0
Жас батырлар сайысы
Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел тірегі. Балабақша қабырғасындағы және мектеп табалдырығын аттауға дайындалып жүрген даярлық тобының бүлдіршіндері – болашақтың бағдары.
Тал шыбықтай иілгіш балаға қандай тәрбие мен тәлім берсек, оның болашағы да сол бағытта қалыптасатыны анық. Сондықтан жақсы азамат тәрбиелеу – тек ата-ананың немесе мектептің ғана емес, тұтас қоғамның ортақ міндеті.
Осы мақсатта Қостанай аудандық балалар кітапханасы да жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруге бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Солардың бірі – «Алтын Дән» мәдениет үйінде «Ер Төстік» батырлар сайысы. Сайыстың мақсаты – ұлттық тәрбиенің алтын діңгегі саналатын салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды дәріптей отырып, балғын ұлдардың бойына патриоттық сезім, жауапкершілік пен адамгершілік қасиеттерін сіңіру.
Байқау төрт кезеңнен тұрды: өзін-өзі таныстыру, өнер көрсету, асық ату және бата оқу. Әр кезеңнің тәрбиелік мәні зор. Мәселен, асық ату – тек ойын ғана емес, ұлттық спорт түрі. Ол ер баланы шапшаңдыққа, қырағылыққа, дәлдік пен ептілікке баулиды. Ғасырлар бойы маңызын жоғалтпаған бұл ұлттық ойын жас ұрпақты тәрбиелеуде ерекше орын алады.
Ал бата айту кезеңінің мәні тіпті терең. Бүгінгі бүлдіршін – ертең ел ағасы болатын азамат. Сондықтан әрбір ер бала жас ерекшелігіне қарамастан бата берудің мән-маңызын түсініп өсуі тиіс. Өйткені ол – болашақ отбасының тірегі, ұрпағына ақылын айтып, ақ батасын беретін абыз қарияның жалғасы.
Сайысқа алты қатысушы қатысты. Барлығы да жоғары деңгейде дайындалып келген. Сондықтан әділқазылар алқасына үздікті анықтау оңай болған жоқ. Әр бала өзіндік ерекшелігімен, өнерімен және талантымен дараланды.
Қатысушылардың ешқайсысы марапатсыз қалған жоқ. Барлығы түрлі аталымдар бойынша дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Атап айтқанда:
«Шымыр жігіт» номинациясы Озерный негізгі мектебінің оқушысы Төлеуішұлы Әмірге;
«Мерген жігіт» номинациясы №28 мектеп-­гимназиясының тәрбиеленушісі Әмір Сұлтанға;
«Батыл жігіт» номинациясы «Алтын бесік» бөбекжай-­бақшасының тәрбиеленушісі Сәндібек Аланға;
«Өнерпаз жігіт» номинациясы «Алтын бесік» бөбекжай-­бақшасының тәрбиеленушісі Аршабай Хамзаға;
«Сымбатты жігіт» номинациясы №1 Заречный жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Мұханбетжан Ибраһимге табысталды. Ал сайыстың Бас жүлдесін «Әдемі» бөбекжай-­бақшасының тәрбиеленушісі Рысбек Әділет жеңіп алды.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар арқылы бүлдіршіндердің бойына ұлттық рух пен рухани құндылықтар сіңіріліп, олардың саналы да сапалы азамат болып қалыптасуына берік негіз қаланады.
Дана Мырзабаева, Қостанай аудандық орталық балалар кітапханасының кітапханашысы

 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!