Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Жас ғалымдардың жарқын жеңісі

Дата: 09.06.2026 Рубрика: Знайки
5
0
Жас ғалымдардың жарқын жеңісі
Білім мен ғылымның бәйгесіне айналған республикалық ғылыми жобалар конкурсы дарынды оқушылардың қабілетін шыңдап, ізденіс пен еңбектің нәтижесін көрсететін үлкен алаң. Осындай беделді білім додасында М.Дулатов мектебінің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, мектеп абыройын асқақтатты.
Бұл шәкірттердің ғана емес, ұстаздардың қажырлы еңбегі мен сапалы білім беруінің айқын дәлелі.
Ғылымға қызығушылық танытып, тың идеяларымен ерекшеленген жас зерттеушілер республикалық деңгейде өз жобаларын сәтті қорғап, жүлделі орындарға ие болды. Әр оқушының жетістігі табандылықтың, ізденістің және ұстаз бен шәкірт арасындағы тығыз байланыстың жемісі.
Атап айтқанда, химия секциясы бойынша 8 сынып оқушысы Шайынғазы Нұрдана республикалық ғылыми жобалар конкурсында жүлделі І орынды иеленді. Нұрдананың ғылыми ізденісі мен терең білімін шыңдап, бағыт-­бағдар берген жетекшісі – химия пәнінің мұғалімі Фазылова Динара. Оқушының ғылыми жұмысы мазмұндылығымен, өзектілігімен және тәжірибелік маңыздылығымен ерекшеленіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Бұл жеңіс мектептегі ғылыми ізденістің нәтижелі жүргізіліп жатқандығының жарқын көрінісі.
Сонымен қатар, информатика секциясы бойынша 8 сынып оқушысы Төлегенова Замира жүлделі ІІ орынға ие болды. Заманауи технологиялар мен цифрлық білім саласына қызығушылық танытқан оқушының еңбегі көпшіліктің назарын аударды. Жетекшісі информатика пәнінің мұғалімі Садықова Тамара. Ұстаз бен шәкірттің бірлескен еңбегі нәтижесінде ғылыми жоба жоғары деңгейде қорғалып, лайықты марапатқа ие болды.
Ғылыми жобалардың тіл білімі секциясында да мектебіміздің оқушылары үздік нәтижелер көрсетті. 8 сынып оқушысы Бегалы Ұлпан жүлделі І орынды жеңіп алып, тіл ғылымына деген ерекше қабілетін дәлелдеді. Ұлпанның ғылыми жұмысына жетекшілік еткен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Қожахмет Гүлім Жомартқызы оқушы бойындағы ізденімпаздық пен шығармашылық қабілетті дамытуға зор үлес қосты. Ғылыми жоба мазмұнының тереңдігі мен зерттеу жұмысының сапалылығы жеңіске бастады.
Ал тіл білімі секциясы бойынша 8 сынып оқушысы Мамыкова Адина жүлделі ІІ орын иеленді. Жетекшісі орыс тілі пәнінің мұғалімі Тупишева Меруерт Ануарқызы. Адинаның ғылыми жұмысы тіл мәдениеті мен зерттеу сауаттылығы тұрғысынан жоғары бағаланып, республикалық деңгейдегі үздіктер қатарынан көрінді.
Бұл жетістіктер оқушылардың білімге деген құштарлығының, ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Ғылыми жоба жазу үлкен жауапкершілік пен терең ізденісті талап ететін күрделі жұмыс. Осындай байқауда топ жарып, жүлделі орын иелену кез келген оқушы үшін зор мәртебе.
М.Дулатов мектебі әрдайым білім мен тәрбиені қатар ұштастырып, дарынды оқушыларға қолдау көрсетіп келеді. Мектеп қабырғасынан талай білімді шәкірт түлеп ұшып, ел болашағына үлес қосуда. Бүгінгі жас зерттеушілердің жетістігі ертеңгі ел ғылымының дамуына қосылар үлкен қадам.
Дарынды шәкірттеріміз бен жетекші ұстаздарды зор жетістіктерімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар, биік белестер мен жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз. Ғылым жолындағы ізденістеріңіз сәтті болып, алар асуларыңыз әрдайым биік болсын!
Гүлсана Аманжолова, Қызбел ауылы

 

 
 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!