Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Бірегей жоба оқырманды біріктірді

Дата: 19.05.2026 Рубрика: Знайки
6
0
Бірегей жоба оқырманды біріктірді
«Кітап оқитын ұлт» жобасы 55 мыңнан астам оқырманның басын қосты. Ұлттық кітап күніне орай Қостанай облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл күні өңірдің ең белсенді оқырмандары бір алаңға жиналып, кітаптың құндылығын насихаттайтын ерекше мерекенің куәсі болды.
Жоба мыңдаған адамды бір мақсатқа – кітап оқуды күнделікті өмірдің маңызды бөлігіне айналдыруға жұмылдырды. Мемлекет басшысы Қасым-­Жомарт Тоқаев атап өткендей, кітап оқитын ұлт қана шынайы интеллектуалды қоғам құра алады.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Қостанай өңірінің ағартушылық пен руханияттың ордасы екенін ерекше айтты. Бұл – Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Бейімбет Майлин сынды ұлы тұлғалар өмір сүрген қасиетті өлке.
– Қазір цифрлық технологиялар дамыған заманда өмір сүріп жатырмыз. Осындай уақытта кітап оқу – жай әдет емес, ол білім мен рухани дамуға ұмтылған адамның саналы таңдауы, – деді өңір басшысы.
Мамандардың айтуынша, кітап оқу адамның ойлау қабілетін арттырып, сөздік қорын байытады. Тіпті күніне 10 минут кітап оқу да көңіл күйді жақсартып, күйзелісті азайтуға көмектеседі. Сондықтан жоба балалар мен жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруды көздейді.
Биылғы байқау ерекше ауқымда өтті. Оған облыстың барлық аудан-­қалаларынан 55 мыңнан астам адам қатысқан. Қатысушылар арасында оқушылар, студенттер, мұғалімдер, мемлекеттік қызметшілер және белсенді оқырмандар болды. Байқау 6 бағыт бойынша ұйымдастырылды.
Мемлекеттік тіл лигасы бойынша жеңімпаз атанған қатысушы Бағила Ибрагимова байқаудың кезеңдері туралы айтып берді. Оның сөзінше, қатысушылар алдымен кітап оқып, пікір жазған. Кейін онлайн тест тапсырылып, финалда командалық интеллектуалдық квиз ұйымдастырылған.
Ал Арқалық қаласындағы Кейкі батыр атындағы №4 мектептің 9-сынып оқушысы Мақсұтбек Інжу байқауда жеңіске жеткеніне қуанышты екенін жеткізді.
– Кітап оқу мен үшін ерекше әлем. Әр кітап жаңа ой мен жаңа мүмкіндік сыйлайды. Бұл жеңіс мені одан әрі көп оқуға шабыттандырды, – дейді оқушы.
Іс-шараның құрметті қонағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, белгілі ақын, ТҮРКСОЙ Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет болды. Ол түркі әлемінің әдебиеті мен мәдениетіне үлес қосқан қостанайлық қаламгерлер Абылай Мауданов, Жанұзақ Аязбекұлы және Әмір Әбутәліп марапаттарын табыстады.
Мереке барысында түрлі номинация бойынша үздік қатысушылар дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Сонымен қатар кітап көрмелері ұйымдастырылып, өнер ұжымдары концерттік бағдарлама ұсынды. «Кітап оқитын ұлт» жобасы алдағы уақытта да жалғасып, балалар мен жастарды кітап оқуға баулуды мақсат етеді. Себебі кітап – білімнің кілті, ал білімді ұрпақ – елдің жарқын болашағы.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!