Ұлттық құндылықтарымызды қалай сақтаймыз?
Дата: 24.02.2026 Рубрика: Знайки
0
10
0

Кітап – білім бұлағы болса, кітапхана – сол білімнің киелі шаңырағы.
Мемлекеттік тілдегі кітапханада жас ұрпақтың бойына ана тілімізді, салт-дәстүрімізді және терең тарихымызды, рухани мұрамызды дәріптеу, олардың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, сіңіру мақсатында, кітапханада Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беру мектебінің 8-сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлттық құндылықтарымызды қалай сақтаймыз?» атты пікірталас өтті. Кештің негізгі межесі – ұмытылып бара жатқан дәстүрлерімізді жаңғырту және оқырмандар арасында ұлттық тәрбиені насихаттау.
Шара барысында оқушыларға ұлттық тәрбиенің маңызы туралы арнайы дайындалған бейнежазба көрсетілді. Бейнероликте қазақ халқының сан ғасырлық тарихы, отбасы тәрбиесі және «ұят болады», «обал болады» деген секілді тәрбиелік ұғымдардың мәні терең ашылды. Сонымен қатар, тақырыпқа сай дайындалған презентация арқылы бүгінгі жаһандану заманында ұлттық кодты қалай сақтап қалу керектігі туралы маңызды деректер ұсынылды.
Ұлттық құндылық – ұлт қазынасы. Оқушылар арасындағы мазмұнды пікірталасқазақ халқының қонақжайлылық, үлкенді сыйлау және бата беру дәстүрлері туралы ақпарат беріліп, викториналық сұрақтармен қызықты жалғасын тапты.
Оқушылар арасында ескі салт-сананы жаңа заманға қалай икемдеу керек?, жастардың бойындағы адамгершілік құндылықтарды қалай дамытамыз?, ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейтудегі жастардың рөлі сынды мәселелер талқыға салынды
Пікірталаста Ж.Шакирова, А.Төребекова, Н.Қалмурзаев, Н.Жандыллаев, Д.Уайсов, Б.Жұмағұлова және П.Секентай, сынды оқушылар өздерінің шешендік шеберліктерімен және қисынды ойларымен ерекшеленді. Әсіресе, оқушылардың Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» өлеңін хормен жатқа айтуыерекше рух сыйлады.
«Мұндай іс-шаралар оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, өз елінің тарихы мен мәдениетіне деген мақтаныш сезімін оятады. Кітапхана мен мектеп арасындағы байланыс рухани жаңғырудың бастауы,» – деп білеміз.
Бұл іс-шара жастардың бойында ұлттық рухты оятып, оларды білім мен тәрбиені ұштастыра білуге шақырған маңызды қадам болды. Шара барысында кітапхана төрінде арнайы көрме ұйымдастырылып, құнды басылымдар және ұлттық құндылықтар туралы жазылған кітаптар оқушылар назарына ұсынылды.Ұлттық құндылықтарымызды сақтау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Бүгінгі шара оқырмандардың тарихқа деген қызығушылығын оятып, рухани азық сыйлады.Жаңагүл Ургенішбаева, Мемлекеттік тілдегі кітапхананың кітапханашысы.
Рудный қаласы

Комментарии