ЖИИ арқылы болашақ мамандықты таңдауға көмектеседі
Дата: 24.02.2026 Рубрика: Знайки
0
10
0

Қостанайдағы Сырбай Мәуленов атындағы гимназия қабырғасында білім саласына заманауи технологияларды енгізу бағытындағы маңызды жоба іске қосылды. Бұл оқу ошағында AI-SANA инновациялық бағдарламасының «AL-профориентолог» атты жасанды интеллект агентінің ресми түрде таныстырылымы өтті. Оған өңірдегі іргелі оқу орны Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің мұрындық болуымен іске асты. Ол оқушылардың алдағы кәсіби бағдарын анықтаумен қатар, білім беру жүйесін инновациялық технологиялар арқылы жетілдіруге және заманауи еңбек нарығы талаптарына сай болуға жол ашады. Оған аталған білім ошағының оныншы сынып оқушылары түгелдей қызығушылықпен қатысты.
«Мен болашағымды медицина саласымен байланыстырғым келеді. Сұрақтар айтарлықтай қиын болған жоқ. Жарты сағаттай уақыт кетті. Менің қабілетіме биология, химия пәндері сай келеді деген кеңес алдым. Сонымен қатар мінезіме медицина қызметкері, психолог мамандары сай келеді деген қорытынды шығарды. Яғни, болашақта мамандық таңдауда қателеспеген сияқтымын», – дейді Айзия.
Бұл цифрлық жүйе оқушылардың қызығушылығы мен қабілетіне және бейімділігіне негізделген кәсіби бағдарлау қызметін ұсынады. «AL-профориентолог» әр оқушыға жеке талдап жасап, олардың мүдделері мен қабілеттеріне сай келетін мамандықты текст сұрақтары арқылы анықтайды. Сонымен қатар, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы да ақпарат ұсына алады. Ең бастысы, ақысыз негізде жүргізіледі.
«Жобаның басты мақсаты – оқушыларға саналы таңдау жасауға көмектесу. Заманауи технологияларды білім беру үдерісіне тиімді енгізу, сондай-ақ болашақ кадрларды ерте кезеңнен бағыттау. Бұл оқушыларға өз қабілеттерін тереңірек түсінуге, алдағы мамандығын еркін түрде таңдауға мүмкіндік береді,- дейді Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Эльмира Наурызбаева.
Сарапшылардың пікірінше, «AL-профориентолог» тек оқушылар үшін емес, ата-аналар үшін де сенімді кеңесшіге айналмақ. Жаңа жүйе замануи цифрландыру мен білім сапасын жаңғырту бағытындағы маңызды қадам болып саналады және болашақта мектептің ағарту процесіне жаңа сапа әкеледі деп күтілуде. Бір қызығы, жаңа технологияны мамандық таңдаудан қателестім деп ойлайтын ересектер де сынап көруіне болады.
«Мұндай бағдарламаның көмегімен балалар өздерінің білім алу траекториясын ертерек бастайды және өздеріне қажетті дағдыларды қалыптастыру үшін нақты мақсаттар қоя алады. Білім беру процесінің тиімділігі артқан сайын, болашақ мамандық таңдауда балалар өздерін жақсырақ тануға мүмкіндік алады. Олардың өз күштері мен қабілеттеріне деген сенімі нығая түседі. Бұл өз кезегінде олардың болашақта оң шешімдер қабылдауы мен табысты маман болуына ықпал етеді, – дейді Сырбай Мәуленов атындағы гимназияның кәсіптік бағдар беруші Меруерт Қайырбекова.
Айзия ҚЫДЫРБЕКҚЫЗЫ,
С.Мәуленов атындағы гимназиясының оныншы сынып оқушысы.
Сурет Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің баспасөз қызметінен алынды

Комментарии