Жыр сүйер қауымға арналған кеш
Дата: 24.02.2026 Рубрика: Знайки
0
10
0

Рудный қаласындағы мемлекеттік тілдегі кітапханада қазақ поэзиясының биік шыңы, сыршыл лирик ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған «Мұқағали – ғасыр ақыны» атты әдеби портрет кеші ұйымдастырылды.
Жыр сүйер қауымға арналған бұл тағылымды шараға М.Дулатов атындағы мектептің 8-сынып оқушылары қатысып, ақын шығармашылығымен жақын танысты.
Кештің негізгі мақсаты – жас ұрпаққа Мұқағали поэзиясының рухани құндылығын таныту, әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, ұлттық сөз өнерін құрметтеуге тәрбиелеу болды. Әдеби портрет кеші барысында оқушыларға ақынның өмір жолы мен шығармашылық әлемі кеңінен таныстырылды. Мұқағали Мақатаевтың тағдырлы ғұмыры, ақындық болмысы, халқына қалдырған мол мұрасы туралы әсерлі мәліметтер берілді.
Шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнеролик көрсетіліп, оқушылар Мұқағали әлеміне терең бойлады. Бейнематериалда ақынның балалық шағы, шығармашылық кезеңдері, халық жүрегінен орын алған өлеңдері мен әнге айналған туындылары туралы құнды деректер қамтылды.
Кештің ерекше әсерлі тұсы – оқушылардың Мұқағали өлеңдерін мәнерлеп оқуы болды. Жас оқырмандар ақынның сырлы да мұңлы, өміршең жырларын жүрекпен сезініп, оқыды. Сонымен қатар, оқушылар «Сарыжайлау» әнін караоке арқылы бірге орындап, кештің рухани мазмұнын одан әрі байыта түсті. Ән орындалған сәтте залда ерекше бір жылылық пен поэзияға деген құрмет сезілді.
Оқушыларға Мұқағали Мақатаевтың жыр жинақтары, естелік кітаптар, зерттеу еңбектері мен мақалалары қойылған көрменің мазмұнына кеңінен тоқталды. Оқушылар ақын кітаптарын қызығушылықпен қарап, өздеріне ұнаған шығармаларды оқуға жазылып, рухани қоржындарын молайтты.
Шара барысында викториналық сұрақтар қойылып, оқушылар белсенділік танытты. Ақын өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беру арқылы олар білімдерін толықтырып, әдебиетке деген қызығушылықтарын көрсетті. Белсенді қатысқан оқушыларға алғыс білдіріліп, шара қорытындыланды.
Жалпы, «Мұқағали – ғасыр ақыны» атты әдеби портрет кеші жас ұрпақтың ұлттық әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттырып, рухани тәрбие беретін тағылымды кездесуге айналды. Мұқағали поэзиясы – әр қазақтың жүрегінде мәңгілікке сақталатын асыл мұра. Осындай мазмұнды шаралар арқылы жас буын ұлт руханиятымен терең танысып, әдебиет әлеміне жақындай түседі.
Айнаш Абенова, мемлекеттік тілдегі кітапхананың кітапханашысы.
Рудный қаласы

Комментарии