Качко отбасы – жүлдегер
Дата: 17.02.2026 Рубрика: Знайки
0
6
0

Қазіргі қоғамда жан-жақты дамыған, білімді әрі бәсекеге қабілетті тұлға болу – уақыт талабы.
Сол жолдағы ең сенімді серіктің бірі – кітап. Үнемі кітап оқу адамның ой-өрісін кеңейтіп, өз ойын нақты әрі жүйелі жеткізуге, білім көкжиегін тереңдетуге және қарым-қатынас мәдениетін дамытуға зор ықпал етеді.
Былтыр бастау алған «ОқыЖәнеЖең» IV облыстық онлайн-оқу байқауына Тоғызақ ауылында тұратын Качко отбасы белсенді қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Бұл байқау отбасы мүшелерінің кітапқа деген сүйіспеншілігін, білімге құштарлығын және зияткерлік әлеуетін айқын көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша отбасының анасы М.Качко жүлделі III орынды иеленіп, дипломмен және 75 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен марапатталды. Қызы Л. Качко үздік нәтиже көрсетіп, II орынға ие болып, диплом және 100 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды. Ал ұлы В.Качко байқауға белсенді қатысқаны үшін дипломмен және 25 000 теңге көлеміндегі ынталандыру сыйлығымен марапатталды.
Мұндай байқаулар оқуға деген қызығушылықты арттырып қана қоймай, ойлау қабілетін дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыруға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға зор үлес қосады. Кітап оқу арқылы әр адам зияткерлік әлеуетін жетілдіріп, тұлғалық дамуға қадам жасайды.
Качко отбасын қол жеткізген жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта жаңа табыстарға, тың жеңістерге, шабыт пен кітапқа деген шынайы махаббатқа толы жол тілейміз.
Қарабалық ауданы

Комментарии