Ақын шығармашылығымен танысу
Дата: 17.02.2026 Рубрика: Знайки
0
5
0

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев шын аты Мұхаммедқали-қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын. Ол 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген.
Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай Амантоғай ауылдық кітапханасында ақынның шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіреті мен әндерін таныту, ақын өлеңдері арқылы оқырмандарына Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеу мақсатында «Жыр жүйрігі – Мұқағали» атты поэзия кеші өткізіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Патриоттық өлендерінен кітапхана оқырмандары,5 сынып оқушылары Бақыт Айзере «Үш бақытым», Таңатова Айша «Шыда, шыда», «Анашым!», Сиражиден Сырғалым «Ей, өмір», Жоламан Әбіл «Отан», Балтабай Ислам « Елім барда», Бақытбек Бақытнұр «Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін», Әбдірзақ Кәусар «Апырмай, туған жер-ай» атты жыр шумақтарын мәнерлеп жатқа айтты.
Айнұр Теміржанқызы, Амантоғай ауылдық кітапханашысы Аманкелді ауданы

Комментарии