Мұзбалақ ақын Мұқағали
Дата: 17.02.2026 Рубрика: Знайки
0
5
0

Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай аудандық орталық кітапхана мен аудандық мәдениет үйі бірлесіп «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты тағылымды әдеби кеш өткізді. Рухани шараның басты мақсаты – қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы, ұлт жүрегінің жыршысы Мұқағали мұрасын жас ұрпаққа кеңінен танытып, оның өшпес өлең әлеміне қайта бойлату болды.
Кеш аясында «Жыр жүйрігі – Мұқағали Мақатаев» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына жол тартты. Көрмеде ақынның өмір жолы, тағдыры, шығармашылық қалыптасу кезеңдері мен оның «Хан Тәңірінің мұзбалағы» атануының терең мәні кеңінен ашылды. Сондай-ақ Фариза Оңғарсынова, Тұманбай Молдағалиев сынды замандас қаламгерлердің ақын туралы жүрекжарды естеліктері көпшілікке таныстырылды.
Ақынның «Аманат», «Соғады жүрек», «Шолпан» жинақтары арқылы оның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігі, Анаға деген іңкәрлігі мен Махаббатты жырлаған мөлдір сезімі ерекше дәріптелді. Өлең жолдарынан ақынның азаматтық үні, адам жанының терең сырлары мен өмірге деген құштарлығы айқын сезілді.
Кешке жиналған қонақтар арнайы әзірленген қобдишадан Мұқағали өлеңдерінің шуақты жолдарын суырып, әр жолдан рухани нәр алып, жүректеріне поэзиядан аманат түйді. Бұл сәттер көрермендер үшін ерекше әсерлі, тебіреніске толы болды.
Әдеби кеш барысында Мұқағали жырлары қайта жаңғырып, оқырман мен көрерменге терең ой, биік рух, сарқылмас шабыт сыйлады. Ақиық ақынның бай мұрасы – ұрпаққа ұлағат, елге мәңгілік аманат екені тағы бір мәрте айқындалды.
Науырзым ауданы

Комментарии