Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ертегілер әлеміне жетелеп…

Дата: 10.02.2026 Рубрика: Знайки
5
0
Ертегілер әлеміне жетелеп…
Науырзым ауданы, Докучаев жалпы білім беретін орта мектебінің 4-сынып оқушыларымен «Ертегі – өтірік, бірақ онда ишара бар» атты әдеби лото ойыны ұйымдастырылды.
Танымдық әрі көңілді өткен бұл іс-шара балаларды ертегілер әлеміне жетелеп, қиялын ұштауға, ойлау қабілетін дамытуға бағытталды.
Іс-шараның алғашқы бөлімінде оқушылар ертегілердің түрлерімен танысып, олардың мазмұны мен тәрбиелік мәні туралы әңгімелесті. Балалар ертегі кейіпкерлерін талдай отырып, қай кейіпкердің жағымды, қайсысының жағымсыз екенін ажыратып, олардың іс-әрекеттеріне өз бағаларын берді. Бұл талқылау оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытып, ертегінің астарлы мағынасын түсінуге жол ашты. Осылайша, ертегілер әлеміне жасалған қызықты саяхаттың алғашқы қадамы басталды.
Келесі кезеңде оқушылар «Қиялшылдар» және «Тыңғылықсыздар» атты екі командаға бөлініп, әдеби лото ойынына ерекше белсенділікпен қатысты. Ойын нағыз ертегі әлеміне саяхатқа айналып, балалардың қызығушылығын арттыра түсті. Командалар «Ертегіні тап», «Ертегілер аламаны», «Кейіпкерді сөзінен таны» және «Сиқырлы сөздер» секілді сайыстарда өз білімдерін, тапқырлықтары мен ұйымшылдықтарын көрсетті.
Әр кезеңде оқушылар шапшаң жауап беріп, бір-бірін қолдап, ойын барысында өзара пікір алмасып отырды. Қатысушылар ертегілерді жақсы білетіндерін дәлелдеп қана қоймай, кейіпкерлердің мінез-­құлқын сипаттап, олардың өмірлік мәні туралы ой қозғады.
Іс-шара соңында балалар алған әсерлерімен қуана бөлісіп, ертегі оқуға деген қызығушылықтарының артқанын жеткізді. Әдеби лото ойыны оқушылар үшін тек көңілді ойын ғана емес, сонымен қатар кітапқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыратын тағылымды кездесу болды.
Науырзым ауданы

 
 
 
 
 
 
 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!