Кітапханадағы қысқы ертегі
Дата: 20.01.2026 Рубрика: Знайки
0
27
0

Науырзым ауданы Шолақсай ауылдық кітапханасында бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен «Кітапханадағы қысқы ертегі» атты танымдық кітапханалық оқулар ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – балаларды кітап оқуға баулу, қиялын дамыту және қысқы тақырыптағы шығармалар арқылы ізгілікке тәрбиелеу. Кітапхананың «Қағаз қиялы» шығармашылық үйірмесі аясында өткен кездесуде оқушылар кітапханашының жетекшілігімен «Жануарлардың қыстауы» атты ертегіні тыңдады. Оқу барысында балалар ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін талдап, өзара көмектесу, бірлік пен достықтың маңызы туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, қыс мезгілінің жануарлар өміріндегі ерекшеліктері жөнінде де қызықты мәліметтер алды.
Іс-шараның шығармашылық бөлімінде балалар қиялдарын іске қосып, жануарлар бейнеленген түрлі бетперделер дайындады. Бұл жұмыс алдағы святки аптасына арналған мерекелік іс-шараларға дайындық ретінде ұйымдастырылды. Қолөнер арқылы балалардың эстетикалық талғамы мен ұжыммен жұмыс істеу дағдылары дамытылды.
Кітапханалық оқу балалар үшін қызықты әрі мазмұнды өтті. Мұндай іс-шаралар жас оқырмандардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге ықпал етеді.
Науырзым ауданы

Комментарии