Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Жас журналистер мен зерттеушілерге бастар жол

Дата: 20.01.2026 Рубрика: Знайки
23
0
Жас журналистер мен зерттеушілерге бастар жол
Оқушылардың ғылыми-­зерттеу қызметінің деңгейін арттыру, шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту, сондай-ақ жобалау мен эксперименттік жұмыс дағдыларын жетілдіру мақсатында Әулиекөл ауданында «Жас тілші» бейіндік курстары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді.
Аталған бастама 2023 жылдан бастап ауданның төрт білім беру ұйымында енгізілді. Атап айтқанда, Ш.Уәлиханов атындағы Әулиекөл жалпы білім беретін мектебі, Ш.Шаяхметов атындағы Сұлукөл ЖББМ, Диев ЖББМ және №2 Аманқарағай мектебі базасында «Жас тілші» курстары табысты жүргізілуде.
Курстың басты мақсаты – оқушыларды журналистика саласына бейімдеу, мәтінмен жұмыс істеу, ақпарат жинау және өңдеу, сұхбат алу, талдау жасау, шағын зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын қалыптастыру. Сабақ барысында білім алушылар мақалалар жазып, репортаж, сұхбат әзірлеуді үйреніп қана қоймай, ғылыми жобаларға қатысуға мүмкіндік алады.
Осы бағыттағы жұмысты жүйелеу мақсатында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті мен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Әулиекөл ауданының білім бөлімі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. «Жас тілші» бейіндік курстары оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашып, ғылыми-­зерттеу мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ журналистика, филология, педагогика және басқа да гуманитарлық бағыттарға қызығушылығын арттыруға зор мүмкіндік береді. Мұндай жобалар білім алушылардың өз ойын еркін жеткізе алатын, сауатты әрі бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді.
Әулиекөл ауданы.

 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!