Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Халықаралық сайыстарда үздік бестікте

Дата: 13.01.2026 Рубрика: Знайки
7
0
Халықаралық сайыстарда үздік бестікте
Меңдіқара ауданы орталығындағы Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-­гимназиясы талапқа сай тірек білім ошағы.
Табалдырығынан аттаған адам іші кірсе шыққысыз дерсің, заманауи үлгідегі барлық қажетті құрал-­жабдық, кең сыныптар, жарық кабинеттер, білікті манандардың бәрі бар. Әсіресе Робот құрастыру кабинеті оқушылардың ең сүйікті орны десе де болады.
Биология, физика, химия кабинеттері заман талабына сай толық жабдықталған. Заманауи зертханалар, тәжірибелік құралдар жеткілікті. STEM кабинеті де осы бағытпен біріккен. 3D принтер арқылы оқушылар түрлі бұйымдар жасап шығарады. Мұның бәрі де баланың қиялын ұштап, ойлау көкжиегін кеңейтетін мүмкіндік. Тіпті жасанды интеллект бағытындағы жұмыстар да қолға алынған. Мамандар арнайы курстардан өтіп келген. Яғни, құралдарды игеретін білімді кадр да бар.
Мұнда Қызылордадан келген Мәлік Нұрдәулет жас маман еңбек етеді. Ол Астанада біліктілігін арттырып келген. Нәтиже де жеткілікті, шәкірттері облыстық сайыстарда жүлделі орындардан көрініп жүр, тіпті республикалық деңгейде жеңімпаз атанғандар бар.
«Мен былтыр оқуымды бітіріп, жас маман ретінде осы мектепке келдім. Бір жылдың ішінде-ақ жақсы жетістіктерге жеттік. Халықаралық сайыстарда үздік бестікке ендік, облыстық жарыстарда бірінші орын алдық. Балалардың қызығушылығы керемет. Алдағы жоспарымыз көп. 1 миллион 350 мың теңге сертификат ұтып алдық. Мұндай кабинеттер өте қажет. Баланың қызығушылығы мектептен қалыптасуы керек, сонда ғана білімге ынта артады», – дейді Мәлік Нұрдәулет.
Меңдіқара ауданы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!