Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Қиялға қанат бітірген

Дата: 30.12.2025 Рубрика: Знайки
15
0
Қиялға қанат бітірген
Қарабалық ауданының Надеждинка ауылдық кітапханасында балаларға ертегідей көңіл күй мен шығармашылық шабыт сыйлаған «Аяз ата ергежейлі» атты шеберлік сағаты өтті.
Танымдық әрі қызықты форматта ұйымдастырылған іс-шара қатысушыларды қиял әлеміне жетеледі.
Шараның кіріспе бөлімінде кітапханашы балаларды ергежейлі бейнесімен таныстырды. Ертегілер мен аңыздарда жиі кездесетін бұл кейіпкер Скандинавия фольклорынан бастау алады. Ол жер рухының, даналық пен байлықтың символы саналады. Ергежейлінің сақалды, жер астында өмір сүретін кейіпкер екені жайлы қызықты мәліметтер айтылып, балалардың қызығушылығын арттырды.
Қатысушылар фетрден жасалған бұйымдардың ергежейлі бейнесін айқын жеткізетінін, ал жұмсақ мата мен жүннен жасалған сақал ойыншыққа жылылық пен әсемдік беретінін білді. Мұндай қолөнер бұйымдары үй интерьерін безендіруге де өте қолайлы.
Шеберлік сағатының практикалық бөлімінде балалар фетр, фоамиран, жүн және желім пистолетін пайдаланып, өз қолдарымен «Аяз ата ергежейлісін» жасап шықты. Әр бала қиялын қосып, бір-біріне ұқсамайтын, ерекше ойыншықтар әзірледі.
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушыларға шығармашылықпен айналысудың қуанышын, қолөнер саласындағы жаңа дағдыларды игеру мүмкіндігін сыйлады. Мұндай шеберлік сағаттары балалардың эстетикалық талғамын дамытып, еңбекке, шығармашылыққа деген қызығушылығын арттырары сөзсіз.
Қарабалық ауданы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!