Сирек дауыс иесі
Дата: 30.12.2025 Рубрика: Знайки
0
20
0

Рудный қаласынан шыққан жас талант Бекзат Мамбетияров үшін музыка жай қызығушылық емес, бала күнінен бойына дарыған үлкен арман еді.
Төрт жасында-ақ әуенге елітіп, домбыра мен фортепианода ойнауға талпынып, ән айтуға ынтыққан кішкентай Бекзат уақыт өте өнерге толықтай бет бұрды. Оның өнерге келуіне әлемдік поп мәдениетінің аңызы Майкл Джексон мен Қазақстанның мақтанышы Димаш Құдайберген тікелей ықпал етті.
Музыкалық колледжге түсу Бекзат үшін өз арманына жасалған алғашқы батыл қадамы болды. Дегенмен алғашқы жыл оған оңай соқпады. Өнер жолының сырттан көрінгендей жеңіл еместігін, үлкен еңбек пен табандылықты талап ететіндігін сол кезде анық түсінді. Сахнаға алғаш шығу, қорқынышты жеңу, тыңдарман алдында өз даусына сенім арту оның бастан өткерген ең бағалы тәжірибесі болды.
Бекзат колледждегі ұстазы Наталья Степанованың тәрбиесін ерекше құрметпен еске алады. Дәл осы кісінің қолында ол вокалдың негізгі техникасын, дұрыс дыбыс шығару мәдениетін және ең бастысы өз даусын түсінуді үйренді.
Уақыт өте келе Бекзат кәсіби білімін әрі қарай тереңдету үшін Алматыға жол тартты. Алғашқы күннен-ақ ол үлкен қаланың өнер орталығы екенін сезінді. Алматыдағы оқу деңгейі Рудныймен салыстырғанда бірнеше саты биік екенін атап өтеді. Консерваторияда оның вокалдық қырларын ашуға көмектескен аға оқытушы Джамиля Баспакова Төлегеновнаның еңбегі орасан. Оның айтуынша, Алматы оған тек білім емес, жаңа мүмкіндіктер, жаңа көзқарас және үлкен сахналарға бастар жолдың алғашқы белгісін берді.
Бекзаттың дауысы ерекше. Музыка мамандары оны сирек кездесетін альтино дауысына жатқызады. Ол алғаш оқуға келген кезде тембр толық ашылмаған, регистрлер біркелкі жұмыс істемеген, дауыс шабуылы қатқыл болған. Бірақ жүйелі жаттығу, дұрыс әдістеме және тынымсыз еңбек арқасында оның даусы түбегейлі өзгерді. Бүгінде Бекзаттың диапазоны екі октава, кіші си-бемольден екінші октавадағы си-бемольге дейін еркін шығады. Төменгі ноталарды сенімді, жоғарғы ноталарды жарқын әрі таза орындайды. Тембрі тұрақты, жұмсақ, біркелкі.
Ұстаздары оның ең басты ерекшелігі ақылды вокалист екендігін айтады. Ол әнді ойланып, сезіммен орындайды, әр дыбыстың түсін, бояуын, шығу сапасын мұқият бақылайды.
Бекзат үшін ең әсерлі сәттердің бірі филармонияда ән айту. Ал болашақта өзін педагог та, кәсіби әнші де ретінде көргісі келеді. Бірақ оның арманы одан да биік әлем сахналарын бағындырып, қазақ тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін музыка арқылы әлемге таныту.
Ақерке АРЫСТАНБАЙ, студент, Рудный қаласы

Комментарии