Тілге деген құрмет
Дата: 16.12.2025 Рубрика: Знайки
0
19
0

Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және оның қоғамдық қолданыс аясын кеңейту еліміздегі маңызды басымдықтардың бірі.
Осы бағытта жүзеге асырылып отырған «Мемлекеттік тіл – этносаралық қарым-қатынас тілі» жобасы аясында Қостанай облысында дәстүрлі «Мемлекеттік тілге – 7 қадам» байқауы өтті. Биылғы додаға өңір мектептерінен дарынды оқушылар қатысып, қазақ тілін меңгерудегі үздік нәтижелерін көрсетті.
Солардың ішінде Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары ерекше көзге түсті. Микильсон Александра, Сенькина Янна, Лушникова Полина, Васильев Илья, Петрова Ангелина және Закиржанов Сардор мем лекеттік тілге деген қызығушылықтарын, білімдерін және шығармашылық қабілеттерін жоғары деңгейде танытып, тілдің дамуына қосқан үлестері үшін Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов Алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар, қатысушыларға Қостанай облыстық ассамблеясының арнайы сыйлықтары табыс етілді.
Байқауда 5-сынып оқушысы Закиржанов Сардор ерекше жетістікке жетті. Ол «Ең кішкентай қатысушы» номинациясына ие болып, 20 000 теңгелік сертификатпен марапатталды. Қаржылай сыйлықты оған Қостанай облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы, М.Дулатов атындағы КИНЭУ президенті Рихсибай Мамедов табыстады. Бұл марапат Сардордың қазақ тіліне деген ынтасы мен еңбекқорлығының айғағы болды.
Оқушылардың байқауға дайындалуына жетекшілік еткен – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мұқанова Асима. Ұстаздың бағыт-бағдары мен жүйелі еңбегі оқушылардың биік нәтижеге жетуіне ықпал етті.
Бұл шара – этнос өкілдерінің мемлекеттік тілге деген құрметін арттыруда, тілдердің достығын нығайтуда және жас ұрпақ арасында қазақ тілін меңгеруге деген ықыласты күшейтуде маңызды рөл атқарып отырған игілікті бастама.
Арқалық қаласы

Комментарии