Кітап беттеріндегі жақсылық
Дата: 16.12.2025 Рубрика: Знайки
0
7
0

Аудандық балалар кітапханасында көптеген оқырмандардың асыға күткен «Кітап беттеріндегі жақсылық» атты мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің негізгі мақсаты – жас оқырмандарды адамгершілікке, мейірімге, достық пен адалдыққа үндейтін таңдаулы көркем шығармалармен таныстыру, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрмеге отандық және әлемдік классиканың балаларға арналған ең үздік туындылары қойылды. Атап айтқанда, А. П. Гайдардың «Тимур және оның командасы» кітабы жас буынды ұйымшылдыққа, достық пен батылдыққа баулитын шығарма ретінде көрменің айрықша бөлігін құрады. В. Осеева «Динка» шығармасында балалық шақтың қуанышы, шынайылық пен әділдік тақырыптары көрініс табады.
Сондай-ақ, В. Астафьевтің жүрекке жылы «Қызғылт жалы бар жылқы» («Конь с розовой гривой») әңгімесі, Г. Троепольскийдің адам мен жануар арасындағы мейірім мен сенімге толы «Ақ Бим – қара құлақ» туындысы жасөспірімдер үшін аса қызықты болатыны анық. В. Распутиннің «Француз сабақтары» повесі – оқырманды адамгершілік пен ұстаз бен шәкірт арасындағы терең байланысқа жетелейтін шығарма.
Көрмеде сондай-ақ А. Волковтың балалар арасында кеңінен танымал «Изумруд қаласының сиқыршысы» ертегілік желідегі кітабы, В. Крапивиннің достық пен ерлік туралы «Жел қайда» («Та сторона, где ветер») повесі, В. Катаевтың балалық арман мен қиялға толы «Жеті түрлі гүл» («Цветик-семицветик») шығармасы да орын алған.
Әлем әдебиетінен А. де Сент-Экзюперидің философиялық мәнге толы «Кішкентай ханзада» туындысы мен А. Маршаллдың балаларға қуаныш сыйлайтын «Мен шалшықтан секіре аламын» кітабы оқырмандардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Көрме балалар үшін ғана емес, ата-аналар мен ұстаздар үшін де пайдалы болардай мазмұнды ақпарат көзін ұсынды. Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері ұсынылған шығармалардың тәрбиелік мәні, әдеби құндылығы туралы әңгімелеп, келушілерге кітаптарды оқуға кеңес берді.
«Кітап беттеріндегі жақсылық» көрмесі жасөспірімдердің оқуға деген ықыласын арттырып, олардың рухани әрі мәдени дамуына зор үлес қосты. Мұндай шаралар кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайтып, балаларды әдебиет әлеміне жетелей түсетіні сөзсіз.
Науырзым ауданы

Комментарии