Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ақынмен кездесу

Дата: 16.12.2025 Рубрика: Знайки
8
0
Ақынмен кездесу
Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебінде қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған “Абай – дана, Абай – дара қазақта!” атты тағылымды іс-шара өтті. Шараның басты мақсаты – Абай мұрасын жас ұрпаққа кеңінен насихаттап, оның рухани қазынасының құндылығын терең сезіндіру болды.
Іс-шараға мектептің 5-сынып оқушысы Төлеу Елдана мен 6-сынып оқушысы Ертанова Даяна қатысып, ұлы ақынның өлеңі мен қара сөзін мәнерлеп оқып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Оқушылардың орындауындағы Абай шығармалары тыңдарман жүрегіне жол тауып, ақын сөзінің тереңдігі мен мағынасын аша түсті.
Шараның ерекше қонағы ретінде белгілі ақын, жазушы, драматург, публицист және журналист Ақылбек Шаяхмет келді. Ол оқушыларға Абай мұрасының мәңгілік құндылығы, қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі орны туралы әсерлі әңгіме айтып, жас буынды білімге, парасаттылыққа, талаптылыққа шақырды. Сонымен қатар, шығармашылықпен айналысып жүрген балаларға ақыл-кеңесін беріп, алдағы уақытта биік белестерден көрінуіне тілектестігін білдірді.
Аталған іс-шара рухани азық сыйлап, оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыра түсті. Мектеп ұжымы үшін бұл – Абай мұрасын ұлықтауға арналған маңызды әрі мазмұнды кездесу болды.
Қарабалық ауданы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!