Желтоқсанның ержүрек қаһармандары
Дата: 16.12.2025 Рубрика: Знайки
0
19
0

Рудныйдың ммлекеттік тілдегі кітапханасында Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – тілегім, елім деп соққан жүрегім» атты тағылымды еске алу кеші өтті. Шараға Д.Карбышев атындағы жалпы білім беретін мектептің 8 «Ә» сынып оқушылары қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – Желтоқсан құрбандарын ұлықтау, олардың ерлігін жас ұрпақтың санасына сіңіру, ел егемендігі үшін жанын қиған аға-апалардың рухына тағзым ету болды. Кеш барысында оқушылар Тәуелсіздік тарихына қатысты құнды мәліметтер алып, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының мәні мен маңызын тереңірек түсіну мүмкіндігіне ие болды.
Кітапханашы қатысушыларға Желтоқсан көтерілісінің ержүрек қаһармандары туралы деректер ұсынып, олардың ел бостандығы жолындағы қайсарлығы жайлы жан-жақты әңгімелеп берді. Тарихи кезеңді көз алдыға елестету мақсатында Желтоқсан оқиғасына арналған бейнеролик көрсетіліп, сол жылдардағы саяси-әлеуметтік жағдай туралы түсінік берілді.
Кештің танымдық мазмұнын арттыру үшін викториналық сұрақтар ұйымдастырылып, оқушылар көтерілістің себеп-салдары жөнінде ой бөлісіп, өз білімдерін шыңдады. Сонымен қатар «Мақал – сөздің мәйегі» атты бөлімде оқушыларға мақал-мәтелдердің жалғасын табу тапсырмасы беріліп, олардың тілдік қорын дамытуға және ұлттық сөз өнеріне қызығушылығын арттыруға ықпал етілді.
Осындай тағылымды іс-шаралар оқушылардың тарихи санасын қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және тәуелсіздіктің қадірін терең сезінуге үлкен үлес қосады.
Гүлбараш Уалиева, мемлекеттік тілдегі кітапхана меңгерушісі Рудный қаласы

Комментарии