Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Бабалар мұрасы

Дата: 25.11.2025 Рубрика: Знайки
34
0
Бабалар мұрасы
«Строительный» кітапхана-­филиалының қызметкерлері №15 орта мектептің 7 «Ә» сынып оқушыларына арналған «Қазақстанның рухани киелі жерлері – ұлы бабалар мұрасы» атты географиялық-­көркем іс-шара өткізді.
Іс-шараның басында кітапханашы «Өткенге тағзым» презентациясын көрсетіп, еліміздің көптеген сәулет ескерткіштері, табиғи көрікті жерлері, киелі орындары, сондай-ақ Қазақстанның ежелгі қалалары туралы оқушыларға жан-жақты ақпарат берді.
Балаларға «Ұлы дала тарихы» кітап көрмесі ұсынылды. Оның ішінде О. Жанайдаровтың «Қазақ жерінің 100 аңызы» атты альбом-­кітабы ерекше назарға ілікті. Сондай-ақ, Г. Кан мен Е. Тоғжанов авторларының «Ұлы дала тарихы» оқу құралында ежелгі замандардан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы жөніндегі маңызды материалдар қамтылған.
Соңында оқушылар «Қазақстанның киелі жерлері» бейнеролигін тамашалап, рухани және тарихи білімдерін толықтырды. Осы іс-шара арқылы балалар көптеген жаңа және пайдалы ақпаратқа ие болды.
Нұржан Алиханов, 7 «Ә» сынып оқушысы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!