Ұлттық өнер – ұрпаққа аманат
Дата: 04.11.2025 Рубрика: Знайки
0
53
0

Ұлттың рухани байлығы – оның мәдениеті мен дәстүрінде. Ал ата-бабамыздың қолөнері – сол байлықтың ең асыл қазынасы.
Ұлттық қолөнерді көздің қарашығындай сақтау, оны кейінгі ұрпаққа үйрету – аға буынның басты парызы.
Осы мақсатта «Ұлы дала ұрпақтары Қостанай» қоғамдық бірлестігі облыс мектептерін аралап, ерекше игі бастама көтерді. Бірлестік өкілдері оқушылармен кездесіп, ұлттық қолөнердің қыр-сырымен таныстырып, шеберлік сағаттарын өткізуде.
Жуырда олар Бейімбет Майлин ауданы мен Лисаков қаласына барып, жүзге жуық оқушыға қолөнер бұйымдарының жасалу жолын көрсетті. Балалар киізден, жіптен, ағаштан және теріден жасалатын ұлттық бұйымдармен танысып, өз қолдарымен кесте тігіп, ою қиып көрді.
Шеберлік сабағында ұлттық өнердің тарихы мен мағынасына да ерекше көңіл бөлінді. Оқушыларға түйе жүнінен жасалатын бұйымдар, қазақы өрнектердің мәні, зергерлік пен тоқымашылық дәстүрлері туралы қызықты әңгімелер айтылды.
Б.Майлин ауданындағы Сапар Ерғалиев атындағы жалпы білім беретін мектепте өткен «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» атты шеберлік сағаты оқушыларға ерекше әсер қалдырды. Ұлттық өнердің құдіретін сезінген бала жүректер шабытқа толып, ата дәстүрге деген қызығушылықтарын жасырмады.
Бұл игі шараны «Ұлы дала ұрпақтары Қостанай» қоғамдық бірлестігі мен «Нұр шебер» қоры ұйымдастырды. Мақсат – ұлттық құндылықтарымызды жас буын санасына сіңіріп, олардың бойында еңбекқорлық, ұқыптылық пен әсемдікке деген сүйіспеншілікті арттыру.
Шеберлік сабағын жүргізген қолөнер шебері, «Нұр шебер» қорының төрайымы Нұргүл Дүйсенбайқызы балаларға білезік пен сырға жасау жолдарын көрсетті. Ол өз қолымен әшекей бұйымдардың үлгісін жасап, әр қадамын түсіндіріп отырды. Балалар зергердің қол қимылына көз тастап, асқан қызығушылықпен бақылап, өздері де қайталап көрді.
Ал «Ұлы дала ұрпақтары Қостанай» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Гүлжамиля Сүндетбаева ұлттық қолөнердің тарихы мен маңыздылығы туралы кеңінен әңгімелеп, оқушыларға үй тұмарын жасаудың әдемі тәсілін көрсетті. Әр бала өз қолымен тұмар тігіп, оған ізгі тілек айтып, әсем өрнектермен безендірді.
Балалардың таңданысында шек болған жоқ. Олар зергерлік бұйымның жасалу барысын қызыға бақылап, әр қимылды ықыласпен қайталап, қолөнерге деген ықыластарын көрсетті. Тапсырманы тез меңгеріп, тиянақтылық танытқан оқушыларға ұйымдастырушылар ұлттық әшекей бұйымдар мен естелік сыйлықтар табыстады.
«Қазақ халқының қолөнері – ұлт рухының айнасы. Осындай сабақтар арқылы балалар өз тамырын, ата-баба мұрасын сезінеді. Бұл олардың бойында ұлттық мақтаныш пен рухани байлықты қалыптастырады», – деді Гүлжамиля Сүндетбаева.
Шеберлік сабағы соңында жас буын зергерліктің қыр-сырына қанық болып, өз қолымен жасаған бұйымдарын қуана көрсетті. Балалар үшін бұл тек үйрену сабағы ғана емес, рухани тәрбие мен ұлттық сана сабақтастығының жарқын көрінісі болды.
«Үй тұмары – киіз үйдің көрнекті жеріне ілінетін шашақты бұйым. Бұл халқымыздың ертеден келе жатқан киелі қолөнер туындысы. Қазақ халқы үй тұмарды тіл-көзден сақтайды, береке мен жылылық әкеледі деп сеніп, төрге іліп қойған. Әрбір түйір моншақ, әрбір түстік жіп – ата-баба аманатының, ұлттық дүниетанымның айнасы», – дейді «Ұлы дала ұрпақтары Қостанай» қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары Гүлжамиля Сүндетбаева.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда тұрмыс-салт пен өмір сүру дағдысы өзгергенімен, дәстүрдің тамыры үзілмеуі тиіс.
«Қазір киіз үйде тұрмасақ та, ұлттық қолөнер бұйымдарын жаңғыртып, жас ұрпаққа үйрету – парызымыз. Өйткені бұл – ұлттың болмысын, тарихын, эстетикалық танымын сақтайтын қазына. Өкінішке қарай, бүгінде нағыз шеберлер азайып барады. Ал шебердің қолы, зергердің көзі – халық мұрасын тірілтетін күш. Сол себепті осындай шеберлік сағаттарының мәні ерекше. Қолөнер – ғасырлардан-ғасырға ұласып, ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып келе жатқан асыл мұрамыз. Әр қазақ осы әдемі дәстүрдің жалғасуына өз үлесін қосуы керек», – деді ол.
Бұл сөздер жас буынның бойында ерекше әсер қалдырды. Шеберлік сабағына қатысқан балалар ұлттық мұраның қадірін ұғынып, өз қолымен үй тұмар жасап көрді. Әр бала кішкентай бұйым арқылы үлкен рухани сабақ алды. Осындай тағылымды шаралар арқылы ата дәстүр мен ұлттық құндылық қайта жаңғырып, жас ұрпақтың жүрегіне ізгілік пен мақтаныш ұялайды.
«Ұлы дала ұрпақтары Қостанай» қоғамдық бірлестігі Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған этно-мәдени бірлестіктер мен консультативтік-кеңесші органдарға арналған әлеуметтік жобалардың шағын гранттар байқауына қатысып, өз жобасымен жеңімпаз атанған еді. Осы жеңіс арқасында бірлестік ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған іс-шараларын кеңейтіп, облыс көлемінде нақты жұмыстар жүргізіп келеді.
Жобаның басты мақсаты – қазақтың қолөнерін дәріптеу, жас ұрпаққа ата-баба дәстүрін үйрету, ұлттық сана мен эстетикалық талғамды арттыру. Осы мақсатта бірлестік мүшелері аудан мен қалаларды аралап, мектеп оқушыларына арнап танымдық және тәжірибелік шеберлік сағаттарын өткізуде.
«Біздің мақсат – ұмыт бола бастаған дәстүрлер мен ұлттық қолөнер түрлерін қайта жаңғыртып, жас буынға үйрету. Әрбір баланың бойында ұлттық рух пен туған жерге деген сүйіспеншілік ұялатсақ – бұл ең үлкен жетістік», – дейді бірлестік төрағасының орынбасары Гүлжамиля Сүндетбаева.
Байқаудан ұтып алынған гранттың арқасында бірлестік мүшелері Б.Майлин ауданы, Лисаков қаласы, Қостанай ауданы сияқты өңірлерге барып, жүздеген оқушыға зергерлік өнердің, кесте тігу мен тұмар жасаудың, киізбен жұмыс істеудің қыр-сырын көрсетті. Шеберлер балаларға әр бұйымның мағынасын түсіндіріп, ұлттық нақыштағы әшекейлердің шығу тарихымен таныстырды.
Осындай игі бастамалар арқылы ата мұра қайта жаңғырып, рухани сабақтастық орнауда. Бұл жоба тек қолөнерді үйретіп қана қоймай, өскелең ұрпақтың бойында ұлттық мақтаныш пен шығармашылық шабытты оятады.
Айсара Серік, оқушы

Комментарии