Ұлтымыздың көрнекті жазушысы
Дата: 14.10.2025 Рубрика: Знайки
0
68
0

Рудный қаласының мемлекеттік тілдегі кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақтың көрнекті жазушысы, әдебиет зерттеушісі Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығына арналған әдеби конференция өтті.
Іс-шараның мақсаты – жазушының әдеби мұрасын насихаттап, жас ұрпаққа ұлттық рух пен көркемдік құндылықтарды дәріптеу. Конференцияға «Кездесу» клубының мүшелері, А.Байтұрсынұлы атындағы мектептің 10 «А» сынып оқушылары және кітапхана қызметкерлері қатысты.
М.Дулатов атындағы мектептің ұстазы Эльмира Қасқырбаева жазушының прозалық және публицистикалық мұрасына байланысты мазмұнды баяндама жасады.
Зейнеткер ұстаз Сүндет Молдашов пен әдебиет жанашыры Жаңбыршы Тілеуқабылов өз сөздерінде Тәкен Әлімқұловтың қазақ әдебиетіндегі ерекше орнын атап өтті.
Шара барысында «Сөз өнерінің сырбаз шебері», «Тәкен тағылымы» атты баяндамалар оқылып, жазушының «Қараой», «Сейтек сарыны», «Кертолғау» сияқты туындылары талқыланды. Қатысушылар Тәкен Әлімқұлов туралы деректі бейнеролик тамашалап, оқушылар жазушы шығармаларынан үзінділер оқыды.
Мен «Тәкеннің асыл мұрасы» атты арнайы кітап көрмесіне шолу жасап, жазушының өмірі мен еңбектерін таныстырдым. Конференция соңында белсенді қатысушыларға «Алғыс хаттар» табыстадық.
Мұндай рухани мәні зор іс-шаралар жас ұрпақты ұлттық әдебиетке баулып, сөз өнеріне құрмет сезімін қалыптастырады.

Комментарии