Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Тілді үйрету де өнер

Дата: 07.10.2025 Рубрика: Знайки
58
0
Тілді үйрету де өнер
Менің 5- сыныптан бастап ұнататын пәндерімнің бірі – ағылшын тілі. Бізде ағылшын тілі сабағы ерекше деңгейде өтеді.
Бір күні 5-сыныпта ағылшын тілі мұғалімі бізге күтпеген тапсырма берді. Ол: «Келесі сабаққа көркем еңбек сабағында жасаған қолөнер бұйымдарыңды алып келіңдер», – деді. Мұндай тапсырманы естіп, біз әрі таңданып, әрі қуанып қалдық. Келесі ағылшын сабағына бәріміз өз қолөнер бұйымдарымызды алып келдік. Сабақ бастала салысымен, өнер туындыларымызды жарыса көрсете бастадық. Бірақ бір шарт бар еді: біз тек ағылшынша сөйлеуіміз керек! Бір оқушы қызыл қағаздан жасаған алмасын көтеріп: «This is an apple» деп таныстырды. Ал тағы бір сыныптасым қолындағы қағаз құсын көрсетіп: «It is a bird» деді. Әрқайсымыз өз бұйымымызды осылай ағылшынша таныстырып шықтық. Тіпті бір-бірімізге ағылшынша сұрақ қойып, жауап бердік. Сабақ кәдімгідей ойынға айналып кетті! Маған бұл ерекше сабақ қатты ұнады!
Осындай қызықты сабақтар жиі өтетін болды. Өз қолыңмен жасаған бұйым туралы ағылшынша сөйлесең, жаттап алған құрғақ сөздер емес, қызықты әңгіме шығады екен. Мұндай ойын түрінде өткен жаттығулар жаңа сөздер мен сөйлемдерді тез есте сақтауға көмектеседі. Ал сыныптастарымның жасаған алуан түрлі бұйымдарын көру өз алдына бір қызық болды. Сабақта өнер мен тілді бірге қолдансақ, ол өте көңілді, есте қаларлық болады. Меніңше, сонда біз ағылшын тілін әлдеқайда тез үйренер едік.
Мұндай сабақтар мен үйірмелер бізге тек білім беріп қоймайды, шығармашылыққа, тілге, өнерге деген сүйіспеншілікті арттырады. Бірде сахнада қуыршақтарды жүргізіп, бірде ағылшынша қолөнерімізді таныстырып жүріп, біз ойнау арқылы үйренеміз. Ал ойыннан шыққан білім ешқашан ұмытылмайды.
Рахматулла Абу Бакр, Қостанай қаласындағы С. Мәуленов атындағы гимназияның 6-сынып оқушысы

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!