«Тайм-2025»: Шилі ауылындағы кітап мерекесі
Дата: 07.10.2025 Рубрика: Знайки
0
61
0

Шилі ауылдық кітапханасында оқырмандарды кітапқа баулу, кітап оқуды насихаттау және кітаптың адам өміріндегі орнын дәріптеу мақсатында ерекше шара өтті.
«Тайм-2025» атты кітап бульвары ауыл тұрғындары үшін нағыз рухани мерекеге айналды. Кітап сүйер қауым бұл күні жаңа әдебиеттермен танысып, сүйікті кейіпкерлерінің әлеміне қайта еніп, әсерлі сәттерге бөленді. Әдебиет мерекесі ауыл тұрғындарына шаттық сыйлап қана қоймай, жас ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын оятты.
Шара барысында ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының:
«Пайда ойлама, ар ойла!
Талап қыл артық білуге,
Артық білім – кітапта» деген өсиеті оқырмандарға жолданып, кітапты білімнің сарқылмас қазынасы ретінде қадірлеуге шақырылды.
Кітапхана ұжымы мұндай бастамалар арқылы жастарды кітаппен дос болуға, уақытын мәнді өткізуге, ой-өрісін кеңейтуге жетелеп келеді. «Тайм-2025» кітап бульвары – кітаптың құдіретін сезіндірген, оқырманға рухани азық сыйлаған игі шара болды.

Комментарии