Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Мемлекеттік тіл – менің тілім

Дата: 16.09.2025 Рубрика: Знайки
59
0
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Қазақстан халқының тілдері күніне орай Қарабалық орталық аудандық кітапханасында М. Горький атындағы жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты қызықты лингвистикалық ойын ұйымдастырылды.
Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, өзге тілдерге сыйластықпен қарауға баулу және жастардың танымдық көкжиегін кеңейту болды. Жас қатысушылар өз білімдерін тексеріп қана қоймай, еліміздегі тілдер мен мәдениеттің байлығымен детанысуға мүмкіндік алды.
Ойын төрт турдан тұрды: «Танысу», «Полиглот», «Мемлекет рәміздері», «Латын әліпбиі», «Мақал шашу». Әр кезең оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, тапқырлығын, шешендігін шыңдауға бағытталды. Мәселен, «Полиглот» кезеңінде балалар бірнеше тілдегі сөздер мен ұғымдарды сәйкестендірсе, «Мақал шашу» бөлімінде халық даналығының үлгілерін жалғастырып, тіл байлықтарын ортаға салды.
Іс-шара қызу әрі қызықты жағдайда өтті. Қатысушылар тапсырмаларға белсене араласып, өздерінің эрудицияларын, тапқырлықтарын және командада жұмыс істей білулерін көрсетті. Балалар бір-біріне қолдау көрсетіп, ұйымшылдық пен достықтың үлгісін байқатты.
Ойын қорытындысында жеңімпаздар анықталып, оларға арнайы грамоталар мен шағын сыйлықтар табысталды. Ал барлық қатысушылар үшін бұл күн есте қаларлық мерекелік сәтке айналды.
Осындай танымдық ойындар жас буынның ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, көптілділік мәдениетін қалыптастыруға, елдің болашағы – жас ұрпақты толерантты, білімді, озық ойлы азамат болып тәрбиелеуге септігін тигізеді.

Арлан Асқар, оқушы
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!