Табиғат аясында кітап оқу
Дата: 05.08.2025 Рубрика: Знайки
0
167
0

Қазір жаз мезгілі. Оқушылар кезекті жазғы демалыста. Осы ретте кітапханашылар кішкентайларды кітап оқуға қызықтыру, әрі олардың бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету үшін қызықты іс-шаралар ұйымдастыруда.
Осындай бір өзгеше іс-шараны «Ардагерлер саябағында» Арқалық қаласындағы №2 облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының балаларға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері ашық аспан астында балалармен бірге «Табиғат аясында кітап оқу» тақырыбында әдеби отырыс № 7 жалпы білім беретін мектептің жазғы сауықтыру лагерінің оқушыларымен өткізді.

Бұл іс-шараның көздегені – балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Кітапты тек кітапханада, үйде, мектепте ғана емес, табиғат аясында да оқуға болатынын көрсеттік. Кішкентай оқырмандарымызға өлең де оқытып, ертегілермен және шағын әңгімелермен таныстырып, арасында доппен де ойнатып алдық. Біздің басты мақсатымыз – осындай ерекшелікті қоса отырып, оқырман санын арттыру. Ойы озық, көкірегі ояу ел болашағының өсуіне өз үлесін қосу.
Иә, аспан астында кітап оқу – жазғы демалыстағы балалар үшін керемет мүмкіндік. Жаңа білімді де игеріп, ойнап та, достармен бірге таза ауа жұтып та үлгеруге болады. Бұл уақытта балалар телефоннан да демалады.
Сондай-ақ бос уақытын қызықты әрі пайдалы өткізуіне, көзқарасының дамуына ықпал етеді. Табиғатта балалар қиял-ғажайып ертегілерінің таңғажайып беттерін парақтап, түрлі-түсті басылымдарды қызығушылықпен қарады. Соңында, балалардан алдағы уақытта орындықта отырып, кітап оқуға ұсыныс келіп түсті. Таза ауада оқу пайдалы ғана емес, сонымен қатар қызықты және ыңғайлы.
Ал, кітап оқу – балалардың өз ойын еркін жеткізуге, тіл байлығын арттыруға, табиғатты қорғауға, оны аялауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелейді.
Сандуғаш Есмағамбетова,
№2 ОӘҒК балалар бөлімінің меңгерушісі
Комментарии