Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Білім жарысында биікте көрінгендер

Дата: 05.08.2025 Рубрика: Знайки
132
0
Білім жарысында  биікте көрінгендер
 
Әзербайжанның астанасы Баку қаласында мектеп оқушыларына арналған әлемдегі ең беделді зияткерлік жарыстардың бірі – International Economics Olympiad (IEO) өтті.
Экономика, қаржы және кәсіпкерлік саласына қызығушылық танытатын жастардың басын қосқан бұл додада Қазақстан құрамасы зор жетістікке қол жеткізіп, бір алтын, екі күміс, бір қола медаль иеленіп, әлемдік үздік командалар қатарынан көрінді.
Биылғы IEO-ға 55 елден 280-ге жуық қатысушы жиналды. Қатысушылар экономика негіздері, қаржылық сауаттылық және бизнес-кейс шешу бойынша күрделі тапсырмаларды орындады. Қазақстан командасы бұл сыннан сүрінбей өтіп, өз білімдері мен тапқырлықтарын жоғары деңгейде дәлелдеді. Әсіресе бизнес-кейс кезеңінде, біздің команда АҚШ, Жапония, Ұлыбритания секілді алпауыт елдердің оқушыларын басып озып, кәсіби әдістемемен ерекшеленді.
Бұл жеңіс – Қазақстандағы білім беру сапасының, оқушылардың зияткерлік әлеуеті мен тәрбиеленіп жатқан жаңа буынның бәсекеге қабілеттілігінің айқын дәлелі. Халықаралық деңгейдегі мұндай табыстар жас ұрпаққа шабыт беріп, еліміздің білім және ғылым саласының өркендеуіне үлес қосары сөзсіз.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!