Ғылымға бір қадам
Дата: 03.06.2025 Рубрика: Знайки
0
143
0

Қостанай қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары тағы бір үлкен жеңіске жетті. Дарынды оқушылардан құралған «Damu Dem» командасы республикалық «Монетизация идей – 2025» байқауында екінші орын алып, Халықаралық инженерлік-технологиялық университетке 100% білім грантына ие болды.
Бұл байқау – еліміздің түкпір-түкпірінен келген оқушылардың жаңа идеяларын ортаға салып, оларды нақты өнімге айналдыра алатын үлкен алаң. Қатысушылар мобильді қосымшалар жасап, жаңа технологияларды меңгеріп, өз жобаларын 1С:Совместимо платформасында қорғады.
Жеңімпаз «Damu Dem» командасы бес оқушыдан құралған: Хегай Кирилл, Тойымбетов Мирас, Қайырхан Аян, Махмудов Расул, Омаров Арман. Олар тек жақсы идея ұсынған жоқ, сонымен қатар, оны нақты іске асыра алатынын дәлелдеді. Жобаларында олар қоғамға пайдалы мобильді қосымшалар әзірлеп, тың ойларымен әділқазылардың назарын бірден аударды.
Командаға бағыт-бағдар берген тәлімгерлер – «Эксперт» компаниялар тобының өкілдері: Шерцер Александр Иванович пен Бубнов Игорь. Олардың қолдауы мен тәжірибесі оқушыларға өз мүмкіндіктерін ашуға, сеніммен алға қадам басуға көмектесті.
Бұл жеңіс – үлкен еңбектің, шығармашылықтың және бірлесе жұмыс істеудің нәтижесі. Жас өнертапқыштар болашақта еліміздің ІТ және технология саласында өз орындарын табары анық!
Комментарии


