Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Мемлекеттік тіл – менің тілім

Дата: 22.07.2025 Рубрика: Знайки
219
0
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Қарабалық ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында ерекше мазмұндағы тілдік жобаны қолға алды. Ағымдағы жылдың сәуір-қыркүйек айлары аралығында өтіп жатқан бұл жоба – «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты байқау.
Бұл байқаудың ерекшелігі – отбасылық форматта ұйымдастырылуы. Яғни, мемлекеттік тілді отбасымен бірге үйренуге ниет білдірген түрлі ұлт өкілдері қатыса алады. Мұндағы басты мақсат – тіл арқылы отбасылық құндылықтарды нығайтып, мемлекеттік тілді күнделікті қарым-қатынас тіліне айналдыру.
Байқауға қатысушылар тіл меңгеру деңгейі, қазақша еркін сөйлеу, көркем мәтін оқу, шығармашылық қабілеттері бойынша бағаланады.
Ұйымдастырушылар тарапынан белсенділік танытқан отбасылар назардан тыс қалмайды: барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар, жүлделі орын иелеріне құнды сыйлықтар. Ал байқау жеңімпазына ақшалай сертификат табысталады.
Бұған қоса, үздік отбасыларға Қостанай қаласына арнайы мәдени саяхат ұйымдастырылады. Олар І.Омаров атындағы қазақ драма театрының қойылымын тамашалайды, Ыбырай Алтынсарин атындағы мұражайға экскурсия жасайды.
Бұл бастама – тек байқау ғана емес, қоғамдық татулық пен рухани тұтастықты нығайтуға бағытталған жоба. Мемлекеттік тілдің беделін арттыру, түрлі ұлт өкілдерін ортақ тілде біріктіру – еліміздің болашағына салынған берік негіз.
Ұйымдастырушылар барлық тұрғындарды, әсіресе басқа ұлт өкілдерін аталған байқауға белсенді қатысуға шақырады. Бұл – балаларға үлгі, достық пен бірліктің белгісі, тіл мерейінің мерекесі. Достарыңызды шақырыңыз, отбасыңызбен бірге қатысыңыз – тіл мәртебесін бірге көтерейік!

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!