Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Орманшы

Дата: 29.10.2024 Рубрика: Туған жер
53
0
Орманшы
Науырзым ауданы Шолаққопа ауылының тумасы Раханмен Бекенов жуырда бейнетінің зейнетін көруге шыққанына да көп бол қойған жоқ. Бар-жоғы екі ай ғана. Бірақ орманшылық кәсібін әлі де болса тастамаған. Баяғы әкелердің ізімен ол да алысқа көз тігеді, орманды күзетіп, тыныштығын сақтайды.  
«Зейнеткерлікке шыққаныма екі айдан асса да орманды тастаған емеспін. Ауылымыз  бұрын қандай еді, шіркін-ай! Қаншама тұрғыны бар болатын. Қазір сол тұрғындардың бәрі көшіп кетті. Бір ауылда бір өзім отбасыммен ғана тұрып жатырмын. Ауылда бар ғұмырым өтіп жатқанына да шүкір деймін. Балаларымды осы еңбектің арқасында жеткіздім. Бәрі де өмірден өз орындарын тауып, үйлі-баранды болып кеткен. Үпір-шүпір немерелеріммен орман ішін аралаймын. Бұл жер олардың да туған мекені», – дейді Науырзым қорығының инспекторы. 
Ата жолын Раханмен Бекеновпен қоса екі інісі Оразхан, Нұрлан да қуды. Нұрланның ұлы да орманда еңбек етіп келе жатыр. Осылайша  орманшылық кәсіп бүгінде төрт атадан жалғасын тапты.  
«Әкеміз Өтебай мен Бекен атамыз да осы Науырзым қорығында еңбек еткен. Атам өмірден өткен соң оның орнына баласы Сыпсың деген жерде орманшы болған. Осы жолды біз, балалары жалғап келеміз», – дейді Рахан орманшы. 
Рахан Бекен Өтебайұлы алты жасынан ескі Науырзымдағы мектепке барды. Мектепті бітірген соң әскерге алынды. Елге оралып шаңырақ көтерді. Содан бері сол ауылдан қия басып  ұзаған емес. Қазіргі таңда қызды қияға, ұлды ұяға қондырған немерелі ата-әже болды. 
Бала кезінде марқұм әкесінің қасынан бір елі  қалмай еріп жүретін еді. Ол кезде көлік те жоқ. Ат арбасына мініп алып, бар жұмысты тындыратын. Ертемен  көл басына барып, құстардың ұя салғанын бақылайды. Оларға санақ жасайды. Қыста атшанамен бүршік теретін. Сол кезде әкесіне қолғабыс етіп,  ағаш егу үшін бүршік жинайды. Қысқы аяздарда дала доңыздары азық таба алмағанда оларды өлтіріп алмаудың камын екеулеп ойлаушы еді...
«Ол кезде атшанамен жем таситын. Алдымен құйып, жемді салып аламыз. Орманшының міндеті кез келген уақытта ауыр. Жүктелген жұмысы оңай емес. Ең алдымен тілсіз жауға жол бермеуіміз керек. Үнемі бақылауда ұстап, аң-құстың тыныштығын сақтайсың. Одан қалды орманға келген адамдар да аз болмайды. Олар көбіне ата-бабаларының басына зиярат етуге келеді. Соларға жол көрсетеміз. Өрт қауіпсіздігі туарлы ескертіп отырамыз. Кез келген қорыққа келген адамға біз жауаптымыз», – дейді қорықшы. 
Әсіресе, жаз кездерінде тілсіз жау өрттің, майлы қарағай ағашын жиі маңайлайтынын, сондықтан көктен түскен найзағай ұшқынын бірінші болып байқап, өрттің алдын алу осы өздеріндей табиғат сақшыларының қырағылығының арқасында болады. Осы еңбектің арқасында түрлі сый-сияпатқа да ие болған ағамыз туған жерден ешқайда жырақтағысы жоқ. Бала кезден табиғатқа жақын жан тұрмыстың еш қиындығына қарамай көшпей отырған жайы бар. 
Науырзым қорығында жыртқыш құстарымыздың өзі қаншама. Бүркіт, ителгі, қарақұс, күйкентай, жағалбайлардың да қаншама түрі бар. Арасында мұнараға шығып маңайды өрт шалмаса екен деп қарап отырады. Осынша әдемілікті, байлықты сақтап отыру орманшының қалтқысыз міндеті. Қауіп төне қалған жағдайда тезірек  алдын алуға барын салады.
«Аң-құстарды үркітпеу үшін де тыныштық керек. Сонда ғана олар өркен жаяды. Ауылдың өзі орманға айналып барады. Биыл су мол болды. Көлдер толып, ұшып кеткен құстар қайта оралды. Әнге оранып жатқан көлге қарап, тұла бойды  қуаныш кернейді», – дейді өткенді есіне алып. 
Арлан Бақытқали,
оқушы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!