Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Отбасы құндылықтарын дәріптеп

Дата: 08.10.2024 Рубрика: Туған жер
96
0
Отбасы құндылықтарын дәріптеп
Отбасы – мемлекеттің тірегі. Қоғамның басты байлығы. Осы құндылықты дәріптеу мақсатында Рудный қаласында «Бақыт біздің бойымызда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы – Қазақстанның рухани жаңғыруының негізі» атты отбасылардың фестивалі өтті.  Фестивальдің басты мақсаты – этносаралық қатынастар мен толеранттылықты нығайту, сондай-ақ отбасының әлеуметтік мәртебесін көтеру, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау. 
Мемлекет мерейінің биік болуы қашанда отбасының ынтымақ-бірлігіне тікелей байланысты. Келешегіміздің жарқын болып, алға қойған мақсаттарға жетудің кепілдігі де жанұядағы өзара түсіністік пен татулық тамырының тереңге бойлауында екені анық. Өнегелі құндылықтарды жаңғырту мен отбасы мәртебесін арттыру мақсатында өткізілген фестивальге әр түрлі ұлттардың 6 отбасы, соның ішінде елге оралған қандастар да қатысты. 
Жиналған отбасы мүшелеріне төрт сынақ болды. Байқау аясында отбасылар өздері туралы, өздерінің шығармашылық хоббилері туралы айтып, отбасылық дәстүрлерімен және бақытты өмірдің құпияларымен бөлісті. 
– Біз жыл сайын осындай фестиваль өткізіп тұрамыз. Биылғы жылы қатысамыз деп ынталанған отбасылардың қатары көбірек болды. Мақсатымыз отбасыларды бір-бірімен жарастырып, тіл табысып, араласып, таныса түссін, ұлттардың мәдениетін де көрсеткіміз келді. Сонымен қатар отбасы мүшелерінің қарым-қатынасын ашып, үлгі ету еді. Кеншілер қаласында түрлі ұлт өкілдері көп. Олар өзара тату тұрады. Байқау барысында жеңімпаз жоқ, бірақ түрлі номинацияға бағытталған. Кеш өте қызықты өтті, – дейді «Бақыт біздің бойымызда» қоғамдық қорының өкілі Ирина Федорчук. 
Шынымен де фестиваль көтеріңкі көңілде өтті. Қорытындысы бойынша барлық отбасылар түрлі номинациялармен марапатталды. Жандылаевтар отбасы «Ең тату», Небытовтар «Ең көңілді» деп танылды, Гончаруктар отбасы «Шығармашыл», Макишовтар «Ең креативті», Ильиндер отбасы «Мақсатшыл» және Махмутовтар– Червинский отбасы «Ең мейірімді» деп танылды.
Аталған іс-шара «Рудный қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ тапсырысы бойынша «Оралмандарды қоғамға әлеуметтік интеграциялауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруға» бағытталған мемлекеттік әлеуметтік жобаны іске асыру шеңберінде өткізілді. Жоба ұлт бірлігін қамтамасыз етуге, қазақстандық патриотизмді нығайтуға, сондай-ақ қоғамды шоғырландыруға, этносаралық қатынастар мен толеранттылықты нығайтуға бағытталған. 
Рудный қаласы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!