Біле жүріңіздер
Дата: 10.09.2024 Рубрика: Туған жер
0
295
0
1.Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін алғашқы құрған ғалым — «Алаш» қозғалысының көрнекті қайраткері — Ахмет Байтұрсынұлы.
2. Қазақ тілі — түркі тілдері ішіндегі сөздік қоры ең үлкен тіл ғана емес, сонымен қатар әлемдегі ең таза тілдердің бірі: сөздік қорының 60%-ын түркілік түбірлі сөздер құрайды.
3. Кірме сөздерге тоқталатын болсақ, қазақ тілінде 3000-ға жақын арабизм бар.
4. Ағылшын қаламгері Уильям Шекспирдің «сөздігінде» — 15’000-ға таман сөз, орыс әдебиетшісі Александр Пушкиннің «сөздігінде» 21’000-дай сөз болса, қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің тек қана «Абай жолында» 17’000 әртүрлі сөз есептеліп отыр.
5. 1807 жылы қазақ тілінде басылып шыққан тұңғыш кітап — «Сейфіл-Мәлік» поэмасы.
6. Абай Құнанбайұлы араб әріптерімен жазса, Ахмет Байтұрсынұлы қолданысқа төте жазуды енгізген.
7. Грамматикадағы сандарға келсек, қазақ тілінде 9 сөз табы, 7 септік және етістіктің 8 шағы бар.
фото из открытых источников
фото из открытых источников
Комментарии