Тілге құрмет – елге құрмет
Дата: 03.08.2024 Рубрика: Туған жер
0
60
0
Мемлекеттік тілді оқыту және медиа сауаттылықты арттыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында түрлі этнос өкілдеріне арналған «Мемлекеттік тілге жеті қадам» облыстық лагері Науырзым ауданында өтіп жатыр. Осы игі бастамаға Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Қостанай облысының құрметті азаматы Өмірзақ Бекділдәұлы өзінің арнайы сыйлығын мемлекеттік тілді меңгерені үшін және насихаттап жүрген Екатерина Гедзур алды.
Екатерина Гедзур қазақ тілінің жанашыры. Бала күнінен мемелекеттік тілде білім алып, өз тағдырын бала тәрбиесімен, білім саласымен байланыстырған жан. Орыс ұлтының жанұясында дүниеге келгенімен, достары мен қоршаған ортасының арқасында қазақ тілін ана тілінен артық меңгергенін айтады. Оған сол келде қолдау білдіріп, мемелекеттік тілдегі мектепте білім алуына бірден-бір себепкер болған анасы екен.
Елімізді мекендеген ұлттар мен ұлыстар бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешуде. Соның ішінде мемлекеттік тілді меңгеріп, бала тәрбиесіне де атсалысып жүрген өзге ұлт өкілдері де баршылық. Бұл дегеніміз ұлжандылық пен елге деген сүйіспеншіліктің белгісі деп білгеніміз жөн. Бүгінде бала күнінен бірнеше тілді жетік меңгерген әр саланың мамандары ел игілігі үшін еңбек етіп келеді.
Өмірзақ Бекділдәұлы:
«Алғаш Қарамеңдіге келгенде оқушы кезім еді. Қазір өрімдей жастарды көріп, сол уақыт есіме түсіп отыр. Жасымыз бүгінде жетпіс алтыға келді. Айтайын дегенім, келешек жастардың қолында. Елдің болашағы сендерсіңдер. Қазақ тіліне деген құрметтеріңді құдай әрдайым қолдап жүрсін, табыстан-табысқа жете бергей. Ықыластарыңа әрқашан құрметпен қараймыз. Бұл дегеніміз үлкен табыс. Қазақ ретінде осындай балалармен мақтанамыз”, – деген лебізін білдірді.
Комментарии