Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Тілді қайтсек үйренеміз?

Дата: 03.08.2024 Рубрика: Туған жер
46
0
Тілді қайтсек үйренеміз?
Егеменді еліміздің мәртебесі үстем, биік болуы келешек ел қожасы жас ұрпақтың білімділігін, қайраттылығына, іскерлігіне байланысты. Ендеше, сауатты да саналы, белсенді де іскер, елін сүйген ер қылып тәрбиелеуді шәкіріт бойына ұялататын ұстаз. Тілді қалай меңгеріп алуға болады, ол үшін не керек дегенді газет оқырманы, тіл маманы, мектеп мұғалімі, Науырзым ауданының Тілдерді оқыту орталығының қазақ тілі мұғалімі Гүлайым Стамқұловаға қойған едік. 
– Гүлім апай, мемлекеттік тілді қалай үйреніп алу керек? Оған ең бастысы не керек?
– Тілді оқытуда ең басты нәрсе – ол лексикалық минимумды меңгерту және оның сөйлеу тілінде еркін пайдалана алу. Осы себепті, тіл үйренушілерге лексикалық минимумды меңгерту жолы психолингвистикамен тікелей байланысты болуы тиіс. Бұл дегеніміз – тіл үйренушіге сөздік қорды түрлі әдістерді қолдана отырып, астыртын түрде меңгерту. Сондай әдістердің тиімділері: сөз сипаттамасы, cөз мағынасы, қимыл-әрекет, аударма, тақырыптық кесте, сөздер жиынтығы, жасырын сөз арқылы түсіндіру.
Белгілі бір лексикалық минимумдағы сөздік қорды меңгертуге арналған қосымша әдістемелік оқулық шығару. Аталған оқулық негізгі оқыту оқулықтарына байланысты болмауы тиіс. Ол дегеніміз – әр түрлі авторлық оқулықпен оқыған тіл үйренуші қосымша әдістемелік оқулықтағы тапсырмаларды өз бетінше орындай алады. Себебі, негізгі сөздік қор негізгі оқулықта меңгерілген.
– Ал грамматиканы меңгеру қиындау емес пе, ол жағынан қандай кеңес берер едіңіз?
– Грамматикалық минимум – тілдің қаңқасы. Тіл үйренуші өзі меңгерген сөздік қорды белгілі бір грамматикалық құрылым арқылы тілдік қарым-қатынасқа шығаруы тиіс. Ол үшін тілдегі грамматикалық минимум дайын күйіндегі құрылым ретінде берілуі тиіс. Сондай-ақ, грамматикалық минимумды меңгертуде, ең алдымен, жаттығулар жүйесі орын алуы тиіс те, ал теориялық түсіндіру соңында жүруі тиіс.
 Қазіргі таңда тілді оқытуда және сабақ үрдісінде жұмыс істеу үстінде тап болатын қиыншылықтардың бірі – мәтін мәселесі. Себебі, қазақ тіліндегі кез-келген мәтінді тіл үйренушіге түпнұсқа күйінде бере алмаймыз. Оның себептері мәтінде күрделі тілдік орамдар, қиын грамматикалық құрылым, мағынасы терең және жан-жақты лексикалық сөздер кездеседі. Сол себепті, қазақ тіліндегі мәтіндерді оқыту мәтініне айналдыру керек. Ол үшін: мәтінді өңдеу, мағыналас сөздермен алмастыру, сөйлемдерді қысқарту, грамматиканы ықшамдау, сурет пайдалану, қызық мәтіндер табу жұмыстарын қолға алу керек.
– Мектеп оқушыларына арналған жинақтар бар ма?
– Аталған жинақ тек ересектер емес, сонымен қатар мектеп оқушыларына да арналып шығарылуы тиіс. Осы жұмыстың арқасында қазақ тілін үйренушілерге қазақ әдебиетін насихаттау және оқыту мүмкіндігі туады. Сөзімді қорыта келгенде айтатын мынадай бір ұсынысым бар: Мобильді қосымша бағдарламалары арқылы тақырыптық тыңдалым материалдарын кеңінен шығару қажет. Себебі, біріншіден уақыт жағынан тиімді, тіл үйренуші кез келген бос уақытында қолдана алады, екіншіден, әлемнің кез-келген түкпірінде, тіпті, интернет байланысы болмаған жағдайда қолдана алады.
– Әңгімеңізге рахмет.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!