Жеті атаңды біліп жүр
Дата: 06.08.2024 Рубрика: Туған жер
0
72
0
Балалар, қазақ халқы туыстық атауға өте мән берген. Олардың өз орны бар. Әсіресе жеті атаға келгенде дала заңы қатаң. Сондықтан туыстық атауларды біліп, өзіміздің де руымызды, жеті атамызды жазып алғанымыз дұрыс. Балалар, бұл жерде ұрқы дегеніміз – тұқымы, ұрпағы деген мағынаны білдіреді. Оны да біле жүріңіздер. Сонымен қоса қыздан тараған ұрпақтың да өз атауы бар.
Өзінен өрбіген шежіре жалғастыратын ұрпақты Қазақ — «Ұл» деген.
Ұлдан туған бала — Немере.
Немеренің ұрқы — Шөбере (Немелтай)
Шөберенің ұрқы — Шөпшек.
Шөпшектің ұрқы — Немене.
Неменеің ұрқы — Жүрежат(кейде некеге рұқсат берген)
Жүрежаттың ұрқы — Туажат(некеге рұқсат)
Туажаттың ұрқы — Жекжат.
Жекжаттың ұрқы — Жамағайын(ұрқыға айналады)
Жамағайынның ұрқы — Жұрағат(руға айналады)
Қазақтарда өзара құдандаласу – туажаттан басталады.
Шежірелерімізді біле жүрейік!
Қыздан туған баланы Қазақ — «Жиен» деген.
Жиеннің баласы — Жиеншар.
Жиеншардың баласы — Дегеншар
Дегеншардың баласы — Көгеншар
Көгеншардың баласы — Көбеңшар.
Көбеңшардың баласы — Тебеншар.
Тебеншардың баласы — Өлеңшар.
Халқымыз жиенді осылайша жеті атаға дейін таратқан.
Ал, сегізінші ұрпағын — «Қаймана»деген.
Жеті ата танымы…
Бірінші атаңыз — Әкеңіз.
Екінші ата — Ата.
Үшінші ата — Арғы ата.
Төртінші ата — Ұлы ата.
Бесінші ата — Тек ата.
Алтыншы ата — Түп ата.
Жетінші ата — Баба.
Сегізінші ата — Ұрқы.
Тоғызыншы ата — Ру (тоғыз байдалы ту көтеріп ру болған)
Комментарии