Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Әжемнің ертегілері

Дата: 30.01.2024 Рубрика: Туған жер
576
0
Әжемнің ертегілері
            Мектеп қабырғасындағы 3 тоқсанның алғашқы оқу аптасы жемісті басталды. Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 1 «В» сыныбында "Әжемнің ертегілері" жобасы бастау алып, ашық сыныптан іс-шара болып өтті. Жобаның мақсаты ертегілер еліне саяхат жасау арқылы балалардың тілін, сөздік қорын молайту. Ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу. Осы мақсатты негізге ала отырып Балдырған әжей "Қоянның жаралуы" атты, ал Сара әжей Ы.Алтынсариннің "Әке мен бала" ертегісін балаларға айтып берді. Ұлттық киім киіп, дәстүрімізді жаңғыртып жатқан 1 "А", 3 "А", 4"А" сынып оқушылары қонақ болып келіп қызыға ертегі тыңдады. Бұл жоба ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып, әңгімелеуге ғана үйретіп қоймай, балалардың эстетикалық талғамын, білімін, сөйлеу нақышын, қызығушылығын арттыратыны анық.
Арнайы жоспар бойынша бекітілген күндері әр сыныптың жетекшілері іс-шара ұйымдастырады.  Сонымен қатар, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, жобаның өз дәрежесінде өтуіне ата-аналар да атсалысуда. Жасалып жатқан іс-шаралар балалардың көңілінен шығып, әр кезекті ертегіні олар асыға, қызығушылықпен күтеді. Сонымен қатар балаларға Балдырған әже «Кілем тоқу» өнерінен шебер сынып өткізді.
Тоқу өнері – қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер. Балдырған әженің тілге тиек етіп айтқан сөзі, өнер ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өнер. Өзі жастайынан анасынан көріп үйреніп, қазіргі таңда өз балаларымен бірігіп отбасылық кәсіпке айналып отыр екен. Балдырған әженің тоқыған кілемдері Астана қаласындағы ЭКСПО-да сатылымға шыққан екен. Ол кілемдер бұрын қабырғаға іліп, еденге төсеп, үйдің жылуын сақтау үшін пайдаланылса, кейін сәндік бұйымға айналыпты. Оқушыларға керекті заттарды көрсетіп, таныстырып шықты. Балаларға ең қызықты болғаны, өз қолдарымен тоқып көргендері. Ұлдар да қызығып шеберліктерін көрсетті. Осындай тағылымы мол іс-шаралар балалардың бойында тек ізгіліктің лебін естіретініне сенімім мол.
Ж.Жылқайдарова,
бастауыш сынып мұғалімі.
 

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!