Табиғат аясында
Дата: 27.06.2023 Рубрика: Туған жер
0
213
0
Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз, - деп оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы лагерьлерге баруға асығады.
Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алары сөзсіз. Біздің Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебінде маусым айында ашылған «Балдәурен» жазғы демалыс лагері ашылды. Демалыс орнында 25 балдырған уақыттарын көңілді өткізді «Бала күлкіге тоймас» дегендей, балалар көңілді демалып, жанын әнге, сылдыр күлкіге тойдырып, әртүрлі іс-шаралар мен спорттық ойындармен өткізді. Лагерь тәрбиешілері Баймбетова М. және Сәбденбекова Ұ. балалардың жанында болды. Күнде жоспар бойынша таңертеңгілік жаттығулар, ертеңгіліктер, сайыстар өтеді. Тәрбиешілер әр күнге белгіленген түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып, балғындардың демалысы қызыққа, қуанышқа толы болуына бар күш-жігерлерін, өнерлерін аямай жұмсауда. «Көңілді старт», «Күштілер, батылдар» сайыстарына оқушылар қызығушылықпен қатысып отырды. Әдеп туралы әңгіме, әсемдік жайлы мақал-мәтел жарыстары көңілді өтті. Оқушылар ән айтып, би билеп, демалыс лагерінің жұмысын қыздыра түсті. «Жас физик», «Қол өнер» үйірме жетекшілері БекетаеваА. және Жананова А. әртүрлі ойындар ойнатылып, әртүрлі жарыстар, тақырып бойынша қол өнер жұмыстарын жасады, сөз жұмбақ сайыстары ұйымдастырылып тұрды. Қашар кентінің №11 қалалық кітапханасына барды, әлем ертегілері, керемет туындыларымен етене танысты. «Тинейджер» үйірмесіне барып қол өнер жасады. Туған жердің табиғаты бай екенін көріп, жазды қызықты өткізуде. Қайсысымен әңгімелессең де, жаз мезгілін жыл сайын асыға күтетінін, мектеп жанындағы лагерьге келу арқылы көп дос табатынын, түрлі іс-шараларға қатысып, көңіл көтеретінін айтып мәз-мейрам болысады. Тәрбиешілер ұйымдастырылған суреттер сайыстарына да белесенді қатысып, өз өнерлерін көрсеткен балалар мадақтамалармен марапатталды. Лагердің жабылу салтанатын балалар табиғат аясындағы Демалыс үйіне шығып, керемет әсер мен есте қаларлық қуанышқа бөленді Осылайша лагерьдің әр күні мәнді де сәнді өтті.
Ұлбосын СӘБДЕНБЕКОВА, Әлихан Бөкейхан атындағы ЖББМ бас

Комментарии