Ауыл көркейсе..
«Ауылда лақ туылса, адырдың шөбі көгереді» дегендей әр адамның бойында туған жеріне, өскен ауылына деген сүйіспеншілік, махаббат болуы қажет деп ойлаймын. Шын мәнінде, ауылға деген шексіз махаббат жүрегі қазақ деп соққан әрбір азаматтың бойында бар. Адамның өз туған жеріне деген аз да болсын құрметі болуы тиіс. Туып өскен жерімізді дамыта отырып біз адамгершілігімізді арттыра түсеміз. Патриоттық сезіміміз де арта түседі.
Мемлекетті дамыту үшін ең алдымен ауылды көркейту керек! Cебебі, Қазақ мемлекетінің қалыптасуы және дами түсуі негізінен ауыл өмірінен бастау алған. Ғұлама-ғалым да, елге белгілі ақын-жазушы, әлемге аты әйгілі болған күміс көмей әншілер мен жыршылард да сол ауылдан шықты емес пе?
Қортындылай келе айтарым, біздің билік өкілдері ауылдарды дамытуға көп көңіл бөлсе деймін. Себебі, жас ұрпақ өз туған жерін, өзінің елді-мекенін біліп, оны мақтан тұта білуі тиіс. Мен өзімнің туған ауылымды ешбір қаламен айырбастамас едім. Ауылда туғанымды мақтан тұтамын. Есте сақтайық, ауылдан адам көшкенмен, адамнан ауыл көшпейді...
Гүлзат НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ
Заречный орта мектебі
8 сынып оқушысы
Комментарии