Екінші маусым қалай болмақ?
Уақыт деген өте шығар тез бе еді дегендей, міне көзді ашып-жұмғанша жаңа оқу жылының бірінші маусымында аяқтап қалдық. Биылғы оқу жылы оқушылар мен мұғалімдерге, сонымен қатар ата-аналарға да оңайға соқпағаны белгілі. Дегенмен, бәрі бірігіп бұл сынақтан да сүрінбей өтудің жолын жасауда. Ата-аналар мен оқушылардан бұрын, бірінші тоқсанның демалысын ұстаздар асығып күтіп жүрген болар. Еңбектеріңіз ерен екенін тағы бір мәрте дәлелдедіңіздер, құрметті де қадірлі ұлағатты ұстаздар қауымы!
Сонымен, алда екінші маусым келе жатыр. Ол қалай болмақ? Мектепке барамыз ба деп ойлап жүрген оқушылар үшін жақсы жаңалық болама екен? Бұл жайында мәлімет бері үшін нақты ақпаратты күткен юолатынбыз. Сонымен, оқу жылының екінші тоқсанында мектепте оқыту форматтары бойынша алдын ала есептеулер жүргізілген болатын. Білім және ғылым министрлігінің Telegram әлеуметтік желісінде жариялаған мәліметінше, қазіргі кезде еліміздегі барлық мектептерде 3,4 млн бала оқиды: қашықтан оқыту форматында – 2,4 млн, дәстүрлі форматта – 953 мың, 647 мың бала кезекші сыныптарда (1-4 сынып), шағын жинақты 3047 мектепте 306 мың оқушы білім алып жатыр. Әрине, дәстүрлі форматта оқып жатқандар аз, дегенмен ауыл аймақтар үшін бұл тиімді болды деп білемін.
Ендігі екінші тоқсанда оқу форматтары бойынша балалардың болжамды саны былай болғалы отыр екен: қашықтан оқыту форматында – 2,2 млн, дәстүрлі форматта – 1,2 млн, оның ішінде 800 мыңнан астам бала кезекші сыныптарда (1-5 сынып), шағын жинақты 4010 мектепте 434 мың оқушы, 13 халықаралық мектепте 3 мыңға жуық оқушы (1-7 сынып) білім алатын болады. Бірінші маусымға қарағанда, екінші маусымда дәстүрлі оқу форматында біраз оқушы білім алатын болады. Бұл оқушылар мен ата-аналар үшін қуантарлық жаңалық болды деп ойлаймыз. Екінші маусымға сәттілік! Алға, оқушым!
Арайлым ҚАБИМОЛДАҚЫЗЫ
Комментарии