Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Берекелі алтын күз

Дата: 17.11.2020 Рубрика: Тастүлек
785
0
Берекелі алтын күз

«Диқан наны – адал. Сен диқанмен қатынасып, аралас. Сонда болар тәтті тағам, адал ас», – деп ұлы Баласағұн бабамыз айтқандай, бүлдіршіндерді еңбек етуге, ел ырысын құрметтеу және адам еңбегін бағалай білуге шақырған. Менде өзімнің шәкірттеріме сондай білім берудемін. Жыл мезгілдерінің ішінде күздің алар орыны зор. Қамбаға бидайымыз толып, жеміс-жидек, көкеністерді жиап алдық. Әсіресе ауыл тұрғындарының күзгі қарбалас сәттері осы уақыт. Біз де бұл айды бос өткізбедік.

«Жұпар» балабақшасының «Ертөстік» тобында «Алтын күз» атты мерекелік іс-шара өтті. Ертеңгіліктің мақсаты – бүлдіршіндерді жыл мезгілімен таныстыру, жеміс-жидек, көкеністердің түрлері мен пайдасына тоқтала кету. Мерекеге Күз ханшайымы қонаққа келіп өзінің тапсырмаларын балаларға жасырды. Бұл тапсырмаларға балалар мүдірми жауап берді. Бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салып ән айтып, би билеп, күз жайында мақал-мәтел, жұмбақтарын шешіп білімдерін паш етті. Балалардың жемістен жасалған киімдері көздің жауын алып, іс-шараның көркін одан сайын жандандыра түскендей. Міне, осы себептен болар, балалар кү айын асыға күтеді. Ең керемет іс-шаралар әлі алда!

 

 

Кенжегүл СЕМБИНА,

«Жұпар» бөбекжай-балабақшасы

І санатты тәрбиешісі,

Амангелді ауданы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!