Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Әке

Дата: 17.11.2020 Рубрика: Тастүлек
916
0
Әке

«Әке – асқар тау» деген сөздің бекер айтылмағанын бәріміз білеміз. Себебі, отбасының иесі, тірегі, қорғаны ол – әке. Әр шаңырақта әкенің орны бөлек. Ол үйдің үлкені ғана емес, сол үйдің тәртібін басқарапы отыратын жан. Тура жолмен жүріп, адал еңбек етіп, білімді де, ұятты ұрпақ тәрбилеу басты міндеті. Шыбын жаны шыққанша балалрына қорған болып өтеді. Аналарымыз секілді жылы сөздер айтып, еміреніп еркелетпегенімен, әкенің барлық сезімі ішінде. Ол әрқашан сөзбен емес, ісімен дәлелдейді, білдіреді. Әке өзінің отбасы үшін барын салады, бүкіл өмірін арнайды. Әрбір істі салмақты түрде ойланып бастайды, таразылап отырады. Әкенің тәрбисін көрген баланың өмірге деген көзқарасы дұрыс, жақсылыққа құмар, еңбекке құштар, әр ісіне сенімді болады деп ойлаймын. Сол үшін де әкеге деген сйластығымыз бен құрметіміз барынша арта түскені абзал. Дүниеде әкенің берген ақылына тең келер ештеңе жоқ. Сондықтан, үнемі айтқан сөзін тыңдай біліңдер.

Қыз бала әкесіне жақын болады деп айтып жатады. Менің ойымша бұл шындық. Себебі, мен үйде әкемнің қызымын және ол кісіні қатты жақсы көремін. Менің әкемнің есімі Досбол. Әкем мені үнемі еркелетеді, айтқанымның бәрін істеуге тырысады. Екі ағама әкем қаталдау қарайды. Өйткені, ер балаға темірдей тәртіп керек деп есептейді. Ал мені керісінше еркелетеді. Анама да қызыма ұрыспа деп айтып кетеді. Жұмыстан келе жатқанда үнемі менің сүйікті балмұздағымды әкеледі. Әкем менің өте жақсы білім алғанымды қалайды. Сол үшінде мен сабағымды тек бестік бағамен оқуға тырысамын. Бірақ, әкем мәселе бағада емес, түсініп алған білімде деп айтады. Сен өскенде қаржы министрі боласың деп маан шабыт беріп қояды.

Мен әкеммен бірге серуендегенді ұнатамын. Демалыс күндері міндетті түрде бірге демаламыз. Отбасымызбен бірге саябаққа барамыз. Әкем бәрімізге сыйлық жасағанды ұнатады. Біз де әкемізді қуанту үшін барымызды саламыз. Бәріміздің де әкелеріміз аман болсын. Мен әкемді қатты жақсы көремін!

 

 

Айым САДЫҚ

6 сынып оқушысы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!