Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Абайға арнау

Дата: 17.11.2020 Рубрика: Тастүлек
725
0
Абайға арнау

Жалын шашқан отты жырың ызғарда,
Жаңғырады өзен мен тау құздарда.
Дара тұлғаң өшпес сенің мәңгілік,

«Болмасаңда ұқсап бағар» біз барда.

Маржан сөзің бізге қалған асылың,
Сөздеріңмен орнатқандай жыр мүсін.
Ақиқаттың жолын нұсқар адамға,
Жырларыңда тылсым күш бар жасырын.
Ақын атың жасай берер мәңгілік,
Ұрпақтарың айтып жүрер ән қылып.
«Желсіз түнде жарық айың» әр дайым,
Тәтті ұйқымнан оятады жаңғырып.
«Поэзияң» жарық берер жас жанға,
Нұрын шашқан алтын күндей аспанда.
Қиялыма қиял жалғап әрдайым,
Шырт ұйқыдан оянамын ақ таңда.
Балғын жырым қанат қақты тыраулап,
Жатсын баба аруағы бір аунап.
Қолдап жүрсін рухыңыз біздерді,
«Ұқсап баққан» болашақта,жыр арнап.

 

 

Ақбота Жамбылқызы

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі

9-сынып оқушысы

Аманкелді ауданы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!