«Ұлы халықтың – Ұлы Абайы»
Биыл ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы. Осыған орай еліміздегі барлық мектептерде іс-шаралар өтуде. Біздің мектепте бұдан тыс қалған емес. Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебінде «Абай – мұра, ғасырлар даналығы» тақырыбындағы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған 10 күндік жарияланды. Аталмыш шараның мақсаты қазақ халқының, Ұлы ақыны, көркем сөздің теңдесі жоқ шебері, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, үлкен ойшыл, ағартушы, сазгер Абайдың әндері, қара сөздері, өлеңдерін жас ұрпаққа насихаттау. Тұңғыш президентіміз Н.Ә. Назарбаев айтқандай: «Абайдың даналығы, Әуезовтың ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана».
Осыған орай 5-11 сынып оқушылары арасында салтанатты ашылу шарасы өтті. Құмкешу жалпы білім беретін орта мектебінің директоры А.К. Клышбаева құттықтау сөз сөйлеп саллттанатты жиынды ашты. Сонымен қатар, «Ұлы халықтың – Ұлы Абайы» кітап және шығармашылық жұмыстар көрмесі жасалды. Көрменің мақсаты – Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс. Көрмеде ақынның нақыл сөздері, кітаптары қойылды. 1 – сынып оқушыларына ақынның нақыл сөзі үш нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек кеңінен таныстырылып, жан-жақты әңгімеленді. Көрме қызықты өткендіктен оқушылардың қызығушылығы артты. Оқушылар көрмеден тамаша әсер алды. Ұлы ақынның данышпан, білімдар, адамгершіл, әділетті, сондай-ақ туған қазағын қалтқысыз сүйген елжанды тұлғасын тани түсуге көмектеседі және туған халқының дара туған дана перзентіне деген сүйіспеншілігін паш етеді.
Назым Исмаилова,
Құмкешу орта мектебінің
кітапханашысы
Комментарии