Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Бала өмірінің қауіпсіздігі

Дата: 17.11.2020 Рубрика: Тастүлек
2912
0
Бала өмірінің қауіпсіздігі

Әрбір ата-ана үшін баладан асқан бақыт жоқ. Сондықтан олардың амандығы мен қауіпсіздігі бірінші орында болуы қажет. Мен «Балалар қауіпсіздігінің маңыздылығын ескеріп, бүкіл мектептер мен балабақшалардың мектеп психологтарының жұмысын күшейтуді және басқа да дәйекті шаралар жүзеге асыру тапсырылғанын» деген ескертпені ескере отырып жұмыс жасаудамын. Мен үшін оқушыларымның қауіпсіздігі өте маңызды.

Ұстаз үшін бала тәрбиесіндегі негізгі мақсат – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, білімді азаматты тәрбиелеу. Сеніммен баласының болашағын мұғалімге табыстаған ата-ананың үмітін ақтау біздің де міндетіміз деп білемін. Бала да жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең, солай иіледі және ерте жастан қандай тәрбие берсең есейгенде алған тәрбиесі өміріне мәңгілік негіз болмақ. Сондықтан, бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керек.

Күн сайын еліміздің қалаларында, аудан, ауылдарында автокөліктер саны өскен сайын жол апаттары да арта түсуде. Оның ішіндегі жас балалардың апатқа жиі ұшырайтыны көңілімізді қатты қынжылтады. Меніңше, оның себептері: көптеген оқушылар жолда жүру ережесін сақтай білмеуінде. Осындай оқиғаларды болдырмас үшін мектепте мұғалім, үйде ата-ана балаға үнемі жолда жүру ережесін ескертіп отыруы қажет. Бұл біздің басты міндеттеріміздің бірі болуы керек. Бастауыш сынып оқушысы үйден мектепке дейінгі жол қиындықтарын білуі тиіс. Сол үшін балаға жол-жөнекей кездесетін қиындықтарға, жол белгілеріне көңіл бөлуді, үйреткен дұрыс. Әсіресе, мектепте бала осы жайлы ақпарат алуы шарт. Баланың мектепке кешікпей келуін, үйге уақытысында баруын ата-ана мұғалімнен артық қадағалағаны абзал. Ереже талабын бұлжытпай орындаған балалардың әр түрлі сәтсіздіктен аулақ болатыны шындық. Бастауыш сынып оқушылары әсіресе 1-2 сынып оқушыларын мектепке ата аналары міндетті түрде өздері әкеліп, кейін алып кетулері керек. Ата-ана баласына мектепке, көшеге, дүкенге барарда үнемі мынаны ескеріп отырса екен: таныс емес, яғни бейтаныс адаммен сөйлеспе, бағдаршамның жасыл түсі жанғанша күт, адам жүретін жолдан өтпес бұрын алдымен оң жағыңа, кейін сол жағыңа қара және т.с.с.

Егеменді еліміздің болашағы – балалар. Сондықтан бала өмірінің қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамайық. Мұның бәрі балалар қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан істердің бір парасы ғана. Тәртіп пен тәрбиенің ұштасуы қауіпсіз қоғамды қалыптастырады. Ұрпақ саулығы – ұлт келешегі. Балалар қауіпсіздігі әрқашан басты назарда болуы тиіс.

 

Гүлбану Серікқызы,

Әулиекөл ауданындағы

бастауыш сынып мұғалімі

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!