Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Еңбек етер маусым

Дата: 17.11.2020 Рубрика: Тастүлек
778
0
Еңбек етер маусым

Табиғат жаратылысы өзіне тән ғажайып. Жылдың әр мезгілің өзінің ерекшелгі бар. Әсіресе, күз мезгілі. Күз көне шаһар төріне өзінің басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен келіп жетті. Сап-сары жапырақтар, қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет. Бірақ, айнала ерекше бір күйге енеді, бейне бір салып қойған сап-сары сурет дерсің. Содай-ақ, астық толтырған диқаншы, қыс азығын жинаған шаруа, еңбекпен біте қайнасқан тірлік. Осының бәрі күз мезгіліндегі қызықты жайттар. Нағыз еңбектің өршіген кезі осы күз маусымы деп білемін. Еңбектің жемісін жейтін күзді кім ұнатпасын?!

Тағы да айтқым келеді, тбиғаттың жаратылысы өзіне ерекше тән. Жылдың әр мезгілің өзінің бір керемет ерекшелгі бар. Соның ішінде күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады. Бұл мезгілде оқушылар мектепте, кішкене бүлдіршіндеріміз балабақшаға асығады. Күз айында өткізілетін мерекелік іс-шаралар да қаншама. Күздің барлық көріністерін бүлдіршіндеріміздің шығармашылықтарын арттыру мақсатында сурет көрмесін өткіздік. Балақайлар мәз-мейрам болып өз қиялымен түрлі суреттер салды. Көңіл-күйлері де, шығармашылыққа деген ынталары да арта түсті. Тәрбиеленушілерімді үздік тәрбиеші ретінде қуантып тұру басты міндетім. Ең қызықты іс-шаралар әлі алда!

 

 

Ұлмекен ХАМИТБЕКОВА,

«Жұпар» балабақшасының

тәрбиешісі,

Амангелді ауданы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!